Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Helios қара жамылды: ұжым Ақтөбеде өлтірілген басшысымен қоштасты
Жаңалықтар

Helios қара жамылды: ұжым Ақтөбеде өлтірілген басшысымен қоштасты

НұрланНұрлан19.11.202627
Фото: видеодан скрин

Ақтөбеде қарулы шабуыл салдарынан қаза тапқан кәсіпкердің жеке басы анықталды. Ол Helios компаниясының Ақтөбе филиалының директоры Айболат Жисов болып шықты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қарашада болған. Кәсіпкер өз үйінде қарулы шабуылға ұшырап, көз жұмған. Қылмысқа күдікті ұсталған.

Бұған дейін ақпарат құралдарында марқұмның есімі мен оның қандай компанияны басқарғаны жарияланбаған еді.

19 қарашада Helios компаниясы Айболат Жисовтің қазасына байланысты ресми көңіл айту хабарламасын таратты. Компания ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтып, оның кәсіби және адами қасиеттерін ерекше атап өтті.

«Айболат Тубасұлы білікті әрі талантты басшы, өз ісінің нағыз маманы, ақкөңіл, жанашыр және жігерлі адам еді. Жұмысына деген адалдығы, өмірге құштарлығы мен адамдарға шынайы ықыласы әріптестерінің зор құрметіне бөледі», – делінген компания мәлімдемесінде.

Helios өкілдері Айболат Жисовтің өмірден өтуін компания үшін орны толмас қаза деп атады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жанармай құю бекеттері желісінің басшысы өз үйінде атып өлтірілгені хабарланған болатын. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған адам кәсіпкердің көлігі мен құнды заттарын алып кеткен.

Қазіргі уақытта қылмысқа күдікті ұсталғаны хабарланды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

жерлеу қоштасу
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМұсылмандар 2035 жылға қарай әлемдегі ең ірі діни топқа айналуы мүмкін
Next Article «Төрден орын бердім»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектің тоқалының мәлімдемесінен кейін үн қатты

Оқи отырыңыз...

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20260

«Өлсе құрт—құмырсқаға жем»: желі белсендісі еркектердің бұтына таласатын әйелдерді сынға алды

20.11.20265

Әлеуметтік желідегі фотосуреттері үшін 23 жастағы қызды інісі өлтірді

20.11.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мексикада Димашқа Дүниежүзілік бокс кеңесінің құрмет белбеуі берілді

20.11.20260

«Ел қамбасы астыққа толды»: Тоқаев биылғы егін науқанына баға берді

20.11.20260

«Өлсе құрт—құмырсқаға жем»: желі белсендісі еркектердің бұтына таласатын әйелдерді сынға алды

20.11.20265

Әлеуметтік желідегі фотосуреттері үшін 23 жастағы қызды інісі өлтірді

20.11.20264

Үш жыл қорлаған: келініне күн көрсетпеген ене бес жылға сотталды

20.11.202614

«Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды

20.11.20262

5 есеге өсірген: Азия ойындарының чемпиондары енді 50 мың доллардан алады

20.11.20260

Астанада азық-түлік бағасын заңсыз өсіргендер жазаланады

20.11.20261

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен түскен фотосын жариялады (ФОТО)

20.11.202678

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды қағып кетті

20.11.20262

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.