Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Инфляциялық тәуекелдер жоғары: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені азайтты
Басты ақпарат

Инфляциялық тәуекелдер жоғары: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені азайтты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы24.07.20262
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция тоғыз ай бойы төмендеп, мамырдағы 10,4%-дан маусым айында 10,3% болды. Азық-түлік инфляциясы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 11,7% деңгейінде сақталды. Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының жылдық төмендеуі кезінде реттелмейтін қызметтердің қымбаттауы аясында қызметтер инфляциясы 9,0% (мамырда – 8,7%) көрсетті.

Инфляция баяулағанымен, қызмет көрсету бағасы қымбаттап жатыр

Айлық инфляция маусым айында 0,8%, ал базалық инфляцияның маусымдық факторлар ескерілмеген бағалау медианасы 0,9% болды. Қазіргі динамика дезинфляциялық импульстің әлсірегенін көрсетуі мүмкін, алайда инфляцияның динамикасында байқалатын үрдістер кейінгі деректермен расталуды қажет етеді.

Халықтың алдағы бір жылға инфляцияны күтуі маусым айында 13,4% (12,7%) болды. Бұл ретте нарықтың кәсіби қатысушыларының 2026 жылға болжамы 10,0% деңгейінде тұрақты түрде сақталды. Ал 2027 жылға күтулер төмендеу бағытында қайта қаралып, 7,8%-ды құрады.

«Сыртқы секторда белгісіздік әлі сақталып тұр. Таяу Шығыстағы қақтығыстың қайтадан ушығуы энергия ресурстарының бағасын өсірді. Әлемдік азық-түлік бағасы әртүрлі бағытта қалыптасып отыр. Жоғары сұраныс пен шектеулі ұсыныстың аясында өсімдік майы мен ет қымбаттайды, ал дәнді дақылдар бағасы егін бітік шығады деген болжамның жақсаруына байланысты төмендейді деп күтіледі. Ресейде инфляция қарқын алып тұр. Осыған байланысты Ресей Банкі проинфляциялық тәуекелдердің күшейгенін алға тартып, негізгі мөлшерлемені одан әрі төмендетуге сақтық танытып отыр. Еуроаймақта энергия көздерінің бағасы өседі деген болжам келешек инфляцияға қатысты күтулерді нашарлатты. Ал АҚШ-та инфляция нысаналы деңгейден жоғары күйінде қалды. Маусым айында ЕОБ негізгі мөлшерлемелерді көтеріп, 2023 жылдан бері алғаш рет ақша-кредит саясатын қатаңдатуға көшті. ФРЖ мөлшерлемені өзгеріссіз сақтап, бұдан кейінгі шешімдердің келіп түсетін деректерге және тәуекелдер теңгерімінің өзгеруіне байланысты болатынын атап өтті. Бұл жаһандық монетарлық шарттар мейлінше ұзақ уақыт бойы қатаң сақталатынын көрсетеді», – делінген хабарламада.

Қазақстан экономикасы өсім көрсетіп келеді

Экономикалық белсенділік артып келеді. 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ 4,1%-ға өсті. Ал тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, өсім шамамен – 5,3%. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен көлік саласында жоғары қарқын сақталуда. Инвестициялар 9,6%-ға дейін жеделдеді. Бюджет қаражатын есепке алмағанда, шикізатқа жатпайтын секторға инвестициялардың өсуі 28,9% болды.

Тұтынушылық сұраныста оң динамика сақталып отыр. Бұл ретте халықтың нақты кірісінің қалыпты өсуі және тұтынушылық кредиттеудің баяулауы тұтынушылық белсенділіктің қалыпты деңгейде сақталуына ықпал етті деп айтуға болады.

Инфляциялық тәуекелдер әлі де жоғары

Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық бағытта қалыптасып отыр. Сонымен қатар ағымдағы ақша-кредит шарттарының қатаңдығы, бұрын қабылданған шешімдердің кейінгі әсерлері және айырбас бағамының динамикасы тежеуші ықпал етіп отыр. Ең төменгі резервтік талаптардың артуы, айналау операциялары және тұтынушылық кредиттеуді реттеу бойынша қабылданған шаралар да дезинфляцияға әсер етіп тұр.

Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен шаралар қабылдады

Бұдан бөлек, инфляциялық қысымды барынша азайту мақсатында Ұлттық Банк пен Үкімет «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп квазифискалдық ынталандырудың келісілген параметрлерін әзірледі. Бұл параметрлер банк өтімділігін барынша тарта отырып, қаржыландыруды негізінен инвестициялық жобаларға бағыттауға және ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға ықпал ететін ірі (құны 15 млрд теңгеден асатын) және стратегиялық жобаларға қолдауды шоғырландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қолдаудың бұл түрі қазіргі тұтынушылық сұранысқа шектеулі түрде ықпал ете отырып, ұсынысты кеңейтуге бағытталады.

Негізгі проинфляциялық қауіптер аталды

Негізгі проинфляциялық тәуекелдер жоғары және құбылмалы инфляциялық күтулерге, жанар-жағармай бағасы мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің кейінгі серпініне, тұтынушылық белсенділіктің ықтимал күшеюіне, сондай-ақ сыртқы инфляцияның жеделдеуіне байланысты.

Қабылданған шешім жылдық инфляцияның төмендеу үрдісін ескереді және ақша-кредит шарттарының қатаңдық дәрежесін соған сай түзетуге мүмкіндік береді.

Шешім фискалдық шоғырландыруды жүйелі түрде іске асыру, бюджеттің, Ұлттық қордан берілетін трансферттердің бекітілген параметрлерінің және квазимемлекеттік ынталандыру көлемдерінің сақталуы туралы алғышартқа негізделген. Іс жүзіндегі параметрлердің мәлімделген бағдардан айтарлықтай ауытқуы тәуекелдер теңгерімі мен базалық мөлшерлеменің траекториясын бағалауды қайта қарауға негіз болады.

Келесі шешімдерді қабылдау үшін ағымдағы инфляция динамикасының орнықтылығы, реттелетін тарифтерді индекстеу параметрлері, сыртқы отын және тауарлар нарығындағы ахуалдың дамуы туралы деректерді жинақтау қажет. Ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын дәйекті түрде сақтау инфляцияның одан әрі төмендеуіне және ортамерзімді перспективада мақсатты 5%-ға оралуына ықпал етеді.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің алдын ала айқындалған траекториясын белгілемейді және инфляция динамикасы болжамға іс жүзінде сәйкес келуіне байланысты шешімдер бағытында өзгеріс те, кідіріс те болуы мүмкін.

Келесі шешім қашан жарияланады?

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2026 жылғы 4 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleОтандық ММА-дегі дау-дамай: Министрлік федерацияны аккредитациядан айырды
Next Article Киімдерім ескі, көрінуге ұялдым: Бейімбет Майлин жоқшылықтан жалданып кеткен әйелін тығылып отырған жерінен тауып алған

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026367

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.