13 баланы өсіріп отырған әке қапыда қаза тапты. Оқыс оқиға Херсон облысында болған, деп жазады Muztaumedia.kz.
Украин дрондарының шабуылында Александр Колотун мен оның 15 жастағы қызы қаза тапты. Ол жұбайымен бірге 13 бала тәрбиелеп отырған.
Губернатор Владимир Сальдо көп балалы әке мен оның 15 жастағы қызы Херсон облысында дрондардың шабуылынан қаза тапқанын растады.
«Бүгін таңертең Рыково ауылдық округінің жанында украиналық дрон жеңіл көлікке шабуыл жасады. Көлік толығымен жойылды. Александр Колотун мен оның 15 жасар қызы қайтыс болды«, — деп жазды ол Макс платформасында.
Сальдо жұбайы Татьянамен бірге 13 бала тәрбиелеп отырған. Жұбайлар он төртінші баласының өмірге келуін күтіп жүрген.
«Колотун отбасын Херсонщинада жақсы біледі: олар шағын наубайхана ашып, айналасындағы ауыл тұрғындарын нанмен қамтамасыз етті. Маусым айында Ресей президенті Владимир Путин оған «Батыр ана« орденін жеке тапсырды«, — деп атап өтті губернатор.


