Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Өңірдің экономикалық аухалын екі есеге көтерген Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты
Басты ақпарат

Өңірдің экономикалық аухалын екі есеге көтерген Марат Сұлтанғазиев облыс активіне алғыс айтты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы04.09.202610

Марат Елеусізұлы Алматы облысы активінің алдында төрт жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесін түйіндеді, деп жазады Muztaumedia.kz.

Кездесу барысында ол аймақтың дамуына үлес қосқан әріптестеріне, құқық қорғау органдарына, аумақтық департаменттерге алғыс айтып, облыс тұрғындарына шексіз ризашылығын білдірді.

«Бүгін өңір басшысы ретінде сіздермен жүздесіп, бірге атқарған ауқымды жұмыстарымызды қорытындылайтын жауапты сәтте тұрмыз. Өздеріңізбен бірге Алматы облысы мен Жетісу облыстарын бөліп, жаңа өңір құрылған тарихи кезеңде жұмыс істедік. Аса жауапты кезеңде туған өңірімді басқаруды сеніп тапсырып, аймақтың өркендеп, дамуына үнемі қолдау білдірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Сондай-ақ осы кезеңде жүзеге асырылған реформаларды дұрыс қабылдап, қолдаған өңір халқына да ризашылығым шексіз. Бұл осы облыстың тумасы ретінде мен үшін, жалпы баршамыз үшін үлкен мүмкіндіктер уақыты болды», – деді ол.

Марат Сұлтанғазиев сондай-ақ бірлескен жұмыстың нәтижесі жемісті болғанын, соның арқасында өңір экономикасы еселеп артқанын жеткізді. Атап айтқанда, Алматы облысы экономикалық көрсеткіштер бойынша республикадағы үздік бестіктің қатарына берік орнығып, өңірдегі донор аумақтар саны екеуден жетіге артқан.

«Жетістіктерге жету жолында өздеріңізбен күш біріктіре отырып, өңір әлеуетін арттыру бағытында біртұтас ұжым болып, нәтижелі еңбек еттік. Барлық бастамаларымыз бен игі істерді жүзеге асыру жолында Үкімет пен Президент Әкімшілігінің де қолдауын сезіндік. Осы уақыт ішінде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлікте қызмет атқарған ұжымға және аумақтық департаменттерге, құқық қорғау органдарына да ризашылығым шексіз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ қазіргі уақытта облыста құрылыс саласы қарқын алып, серпінді өрлеу кезеңі жүріп жатқанына тоқталды. Сөз соңында жаңа басшыға сәттілік тілеп, өңір жетістіктері бұдан да мол болатынына сенім білдірді.

«Алдағы уақытта да осы қалыпты сақтап, жұмысты бәсеңдетпей, жаңадан келетін өңір басшысына толық қолдау білдіріп, бір кісідей жемісті жұмыс атқарады деп сенемін. Өңірді әрі қарай дамыту жолында жаңа басшыға да сәттілік тілеймін! Алматы облысының болашағы бұдан да жарқын, жетістіктері бұдан да мол боларына кәміл сенемін», – деді Марат Елеусізұлы.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖәнібек пен Шираз жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін: WBO мерзімді ұзартты
Next Article «Қан атқылап жатыр»: Түркістанда күйеуі 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026369

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026377

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.