Каспийдегі оқыс оқиғадан қаза тапқан Алмас Көбеновтің сыныптастары мен ұстазы марқұм сарбаз туралы айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Сарбаздың ұстазы да көзіне жас алды. Бұл туралы марқұмның сыныптастары жазды.
«Мен сенген жоқпын біздің Алмас екеніне. Өзіміздің сыныпта чат бар. Соның ішінде бір баладан сұрап, нақтыладым. Ақкөңіл, арам ойы жоқ, сыртқа ештеңе көрсетпейтін еді», деді көзіне жас алған сыныптасы.
Ал Алмас Көбеновтің сынып жетекшісі сарбаздың өте кішіпейіл әрі ұяң болғанын айтты.
«Тізімді көрген кезде менің оқушым ғой деп көзіме жас алдым. Әскерге кеткенін білмедім. Кішіпейіл, мейірімді еді. Оқушы тәртібін сақтай білетін. Үйіне барған кезде шай ішетін столдың астына шығып, зорға шыққан. Отбасы сол кезден қарапайым тұратын еді. Ол уақытта времянкада тұрды. Алмас оның бәрін жасырып, үйінің мекенжайын айтпай жүрді. Кейін біліп алып барғанымда столдың астына тығылған», деді сынып жетекшісі.
