Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»Жанболаттың бажасы: Жазира Байырбекованың сіңілісі күйеуі көзіне шөп салғаннан ажырасып кетті
Шоу бизнес

Жанболаттың бажасы: Жазира Байырбекованың сіңілісі күйеуі көзіне шөп салғаннан ажырасып кетті

НұрланНұрлан15.09.2026592
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, журналист Назира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Ол өз жазбасында әйел адам опасыздықты кешіруге міндетті емес екенін айтып, неке адалдығын отбасының басты құндылығы ретінде қарастыратынын жеткізді.

«Өз құнын білетін, өзін өзі бағалайтын, шекарасы анық, отбасын, неке адалдығын құнды дүнием, бақытымның өзегі деп қарайтын әйелдер “опасыздықты” кешірмейді.

Олар 60, 70, 80 жаста болса да неке адалдығын бұзған адаммен бір шаңырақта тұрмайды. Олар ертең өлетін болып тұрса, , ал бүгін сыңары көзіне шөп салса, бүгін ажырасады. Өмірінің соңғы күні болса да. Олар өзін ешкімнің қор қылуына жол бермейді.

Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!», — деп жазды ол.

Назира Байырбекова жазда ескі жер үй сатып алып, күйеуіне тосынсый жасау үшін оны жөндеуден өткізгенін де айтты. Оның сөзінше, бұл уақытта балаларына да көңіл бөліп, үйдің жөндеу жұмыстарымен айналысқан.

«Мынау менің жазда ескі жер үй алып, соны ремонттатып, күйеуім келгенше сюрприз жасап, үйді жарқыратып қояйыншы деп шаң-шаң боп жүрген кезім. Ауыр жұмыс істесем де, оның ауыртпалығын жеңіл көтеруге тырысатын адаммын. Қыздарыммен, ұлыммен күнде құрылыс базарында жүрсем де қуанып жүріп ремонт жасаттық», — деп жазды ол.

Ол күйеуінің Қатон-Қарағайда көңілдестерімен жүргенін ойламағанын айтып, балаларының әкесін сағынатынына қатысты да жазды.

«Күйеуім Қатон-Қарағайда көңілдестермен жүр деп ойламадым. “Әкеме біз қажет емеспіз. Әкем бізді түк іздемейді ғой” деп үнемі әкесіне ренжіп жүретін балаларыма да “әкенің жақындығы жездедей-ақ” деп жұбататын едім.

Мен өмірді сүйетін адаммын. Оны көрсеткен қиындықтарымен қоса сүйіп, қиналып жүрсем де Аллаға тәубе ете алатын жүрек бар менде. Бірақ отқа да, суға да шыдағанмен сатқындыққа, зинақорлыққа шыдамайды екем.

Қаншама адам неке адалдығы жоқ отбасымен елден ұялғаннан өмір сүріп отыр. Жекеме кеп жатқан хаттар… Комментарийлер… Айналамдағы сырлас, мұңдас адамдардың өмірі және өз кейсім осы жерде бір нәрсе дұрыс емесін көрсетіп тұр.

Неке ме? Тек қана адал неке! Отбасы ма? Тек махаббатқа құрылған, ешкім сатқындықтың жүгін көтеріп жүрмейтін адал отбасы болуы керек деп есептеймін.

Опасыздыққа шыдау арқылы отбасын сақтауға ешкім міндетті емес! Осы идея үшін күресемін. Балалар отбасы құндылығы жайлы жасанды, жалған түсініктермен өмір сүрмесе, бақытты отбасының негізі адалдық пен тазалық екенін санасына сіңірсе деймін», — деп жазды Назира Байырбекова.

әнші Жазира Байырбекова
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қарындасын қимай жылады»: әнші Өктем Алтаев қызын Таразға ұзатты
Next Article «Екі баласы әкесіз қалды»: Қазақстан чемпионы өндірісте қаза тапты

Оқи отырыңыз...

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

30.10.202614

«Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

30.10.2026148
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.