Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің анасы ұсталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында қысқа уақытта жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел анықталды.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді, кінәсін мойындады.

Жан-жақты, толық тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Share.
Exit mobile version