Айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаеваның әнші Қайрат Нұртас туралы айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Ол Қайрат Нұртасқа деген халықтың ықыласы мен әншінің жанкүйерлерінің қолдауына тоқталды.

Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, бұған дейін ән байқауларының бірінде Қайрат Нұртасқа сын айтқаны үшін көпшіліктің наразылығына тап болған.

«Ән байқауында Қайратқа тиісемін деп өмірімде естімеген қарғысты естіп, біраз адамға жексұрын болғам. Айтайын дегенім: Жамбыл – менің өз атым, халық – менің шын атым. Яғни Қайрат – халықты мойындатқан әнші. Қайратқа қарсы шығу – халыққа қарсы шығу. Оған сын айту – халыққа сын айтумен бірдей екен.

Ол кезде Қайратқа байқаудың шартын орындамағаны үшін ренжіңкіреп сөйлегем. Бірақ Қайрат көп от пен судан аман келе жатқан бала. Әйтпесе, Қайратты тек дала қазақтары ғана тыңдайды деген пікір де шыққан», – деді Айнұр Тұрсынбаева.

Share.
Exit mobile version