Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Іштері тар, көре алмайды: Қырғызстан билігі алтын алудан көш бастаған Қазақстанды екінші орынға түсіргені үшін дауға қалды
Оқиғалар

Іштері тар, көре алмайды: Қырғызстан билігі алтын алудан көш бастаған Қазақстанды екінші орынға түсіргені үшін дауға қалды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.09.2026999
Фото: astanatv

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында медаль есебіне қатысты дау туып, қазақстандықтар ұйымдастырушылардың шешіміне наразылық білдірді. Желі қолданушылары Қазақстанның 32 алтын медальмен екінші орынға сырғытылып, кейін жалпы медаль есебінің жойылғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы желі қолданушысы Руслан Түсіпбеков Facebook парақшасында жазды.

«Көшпенділер емес, өшпенділер ойыны»

Оның айтуынша, жарыс барысында медаль есебіне қатысты түсініспеушілік туындаған. Түсіпбековтің сөзінше, бастапқыда Қазақстанның жалпы есептегі нәтижесіне қатысты дау болған.

«Қырғыздар жалпы медаль кестесінен біздің үш алтын медальді алып тастап, бірінші орынға шықты. Ал біз алтын медаль санының көп екенін дәлелдегеннен кейін, олар медаль есебін мүлде жою туралы шешім қабылдады», – деп жазды ол.

Желі қолданушысы мұндай шешімнің Көшпенділер ойындарының тарихында алғаш рет қабылданып отырғанын айтып, бұған дейінгі жарыстарда медаль есебі жүргізілгенін алға тартты.

«Бұл – ойындар тарихында медаль есебінің алғаш рет жойылуы. Бұған дейінгі ойындардың барлығында медаль есебі жүргізілген. Сондықтан биыл оның жойылуы әдейі жасалған шешім екені түсінікті. Жұмсартып айтқанда, бұл спорттық қағидаларға сай келмейді», – деді Руслан Түсіпбеков.

Ол Қазақстанның қатарынан екінші рет көш бастап тұрғаны да бұл жағдайға әсер етуі мүмкін екенін болжап, спорттық жарыстарда мұндай дауға орын болмауы керектігін атап өтті.

«Бәлкім, оларға біздің қатарынан екінші рет жеңіске жеткеніміз ұнамаған шығар? Өйткені 2024 жылы да медаль есебінде Қазақстан көш бастаған еді. Бірақ бұл – бәрібір спорт. Бұған өкпе мен реніштің не қажеті бар?» – деп жазды ол.

Түсіпбеков ойындардың жалпы ұйымдастырылуына қатысты бастапқыда оң пікірде болғанын да атап өтті. Оның айтуынша, ол Көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде өтуі, көшпенділерді біріктірген рух және көрші елдер арасындағы достық туралы жазба жариялауды жоспарлаған. Алайда медаль есебіне қатысты дау оның ойын өзгерткен.

Көшпенділер ойындарына қатысты журналист Ерболат Сейілхан да әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді.

Ол бауырлас елдерді біріктіруі тиіс халықаралық жарыстың керісінше, медаль есебіне байланысты пікірталасқа ұласқанына алаңдаушылық білдірді.

«Көрші, бауырлас елдерді біріктіруі тиіс “Көшпенділер” ойыны көпті керістіріп қойды. Өйткені бәрі керітартпалықтың кесірі», – деп жазды журналист.

Сейілхан көкпардан болған жарыстың айналасындағы даудың жалпы медаль есебіне әсер еткенін айтып, ұйымдастырушылардың әрекетін сынға алды.

«Көкпардағы жеңісін қырғыздар көкке көтеріп, құдды ұлы майдандағы жеңісіндей дәріптеп жатыр. Өкінішке қарай, жарысты ұйымдастырған Қырғызстанның спортына жауапты министрлік көкпардың шуын алға салып, ақыры жарыстың жалпы есебін де былықтырды», – деді ол.

Журналистің пікірінше, Қазақстан 32 алтын медальмен екінші орынға сырғытылған, ал кейін жалпы есептің өзі жойылған.

«32 алтын алған Қазақстанды екінші орынға сырғытып, соңында тіпті есептің өзін жоққа шығарды. Бұйырмаған бірінші орынды даумен алғаннан не пайда, не абырой? Ойынның ашылуын жоғары деңгейде өткізген қырғыздар, соңын шайды қысқасы», – деп жазды Ерболат Сейілхан.

Айта кетейік, Көшпенділер ойындарындағы медаль есебі мен көкпар нәтижесіне қатысты әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылып жатыр. Бұл мәселеге қатысты ұйымдастырушылардың ресми түсініктемесі әзірге назарға алынған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСахна, сауда және сәлде: әнші-әртістер неге жаппай орамалын шеше бастады
Next Article «Ақ орамал тағып құймай ма?»: Динара Сәтжанның келіні қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Қазақстандық блогер Моңғолияда Трамптың ұлымен адасып кеткен (ВИДЕО)

09.09.202646

12 адамның ажалы: Щучинскте жарылысқа кінәлі кафенің басшысы сотталды

08.09.202633

Дін өкілдеріне тіл тигізген: Байлығымен мастанған Баян Алагөзованың үстінен құқық қорғау органына шағым түсті

08.09.20261 104
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 676

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 263

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 392

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 348

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 961

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 836

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 730

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 702

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 362

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.