Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Рианна, Дженнифер Лопес, Дрейк және Трэвис Скотт: Роналду 10 жылдан кейін дүркіретіп үйлену тойын жасамақ
Жаңалықтар

Рианна, Дженнифер Лопес, Дрейк және Трэвис Скотт: Роналду 10 жылдан кейін дүркіретіп үйлену тойын жасамақ

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.07.2026108
Фото: 24tv

Әлеуметтік желілерде футбол жұлдызы Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригестің жақын күндері ресми түрде некесін қиятыны туралы ақпарат қызу талқылануда, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Бірқатар шетелдік дереккөздің мәліметінше, жұлдызды жұп 1 тамызда Португалияның Синтра қаласында үйлену тойын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жаңалықты бірнеше БАҚ таратып, салтанатты рәсімге шақырылуы мүмкін қонақтардың тізімін де жариялады.

Болжам бойынша, тойға футболшы Килиан Мбаппе, UFC жұлдыздары Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор, сондай-ақ әншілер Рианна, Дженнифер Лопес, Дрейк және Трэвис Скотт қатысуы мүмкін.

Алайда әзірге Роналду мен Джорджина да, беделді халықаралық басылымдар да тойдың нақты күніне қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Еске салсақ, өткен жылы Роналду үйлену тойын Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Кейбір ақпарат көздері салтанатты шара қыркүйек айында өтуі мүмкін екенін де жазған.

Жақында футболшының отбасымен бірге жеке ұшақпен белгісіз бағытқа ұшып кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жағдай үйлену тойы туралы қауесетті одан әрі күшейте түсті.

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес қарым-қатынастарын 2017 жылы жариялаған. Содан бері олар әлемдегі ең танымал әрі үлгілі жұлдызды жұптардың бірі саналады.

Қазір жұп бес бала тәрбиелеп отыр. Алана Мартина мен Белла Эсмеральда – Роналду мен Джорджинаның ортақ қыздары. Ал Криштиану Роналду – кіші, сондай-ақ егіздер Ева Мария мен Матео суррогат ананың көмегімен дүниеге келген, оларды Джорджина тәрбиелеуге атсалысып келеді.

2025 жылдың тамызында Джорджина Родригес әлеуметтік желіде Роналдудың өзіне ұсыныс жасағанын жариялап, неке жүзігін көрсетті. Оның айтуынша, ол бұл ерекше сәтті он жыл бойы күткен.

Кейінірек Роналду да үйлену тойы міндетті түрде өтетінін, бірақ оны Әлем чемпионатынан кейін ұйымдастыруды жоспарлағанын айтқан еді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРесейде қоймалары өртке оранған Wildberries Қазақстаннан пана іздеуде
Next Article «Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.