Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Кремльшіл келіншектерге кермек дәм: ресейшіл Ахметова мен Вайстың үстінен іс қозғалды
Оқиғалар

Кремльшіл келіншектерге кермек дәм: ресейшіл Ахметова мен Вайстың үстінен іс қозғалды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы06.09.202640
Коллаж: Ertenmedia.kz

Полиция атышулы Анастасия Ахметова мен желіде Вайс тегімен танылған Эльмира Кулакованың үстінен іс қозғады. Екеуі де ұлтараздықты қоздырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Бұған блогерлердің желідегі жазбаларынан кейін құқық қорғау органдарына түскен арыз-шағым себеп болған. Жұмсартып айтқанда, Ахметова мен Кулакова ұлтаралық қарым-қатынас, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы жанжал және мемлекеттер арасындағы текетіреске байланысты резонансты тақырыптарды жиі көтерген.

Жазбасында Кремль мен Киев арасындағы соғысқа, тіл дауына және Қазақстандағы қоғамдық-саяси оқиғаларға баға берген. Титулды ұлқа тіл тигізген сәттері де аз емес. Күні кеше екеуі де тергеу амалын бастау үшін полицияға жеткізілді. Сот оларға әртүрлі бұлтартпау шарасын таңдаған екен.

Бала-шағасы бар Анастасия Ахметова үйқамаққа алынды. Ал Эльмира Кулакованы қамауда ұстауға санкция беріліп, тергеу изоляторына жіберілген.

Екеуінің ісі де Қылмыстық кодекстің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздыру») бойынша қаралуда. Кінәсі дәлелденсе 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Анастасия Ахметова: Өзін «интернационалист», «еуразияшыл» ретінде таныстырып жүрген блогер. Желіде Мәскеуді ашық қолдап, Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәселесін, ұлттық мүддені қорғаушы белсенділерді үнемі кемсітіп, мұқатып келген. Сондай-ақ Батысқа қарсы мәлімдемесімен, Қазақстанда «шетел агенттері туралы заң қабылдау керек» деген бастамасымен танылған.

Эльмира Кулакова: (желіде Эльмира Вайс): Алматы облысының Талғар қаласында тұрады. Желіде «Вайс» деген бүркеншік атпен жазады. Ол да ұлттық құндылықтарға, әсіресе қазақ тіліне, тарихи оқиғаларға (мысалы, Ашаршылық тақырыбына) қатысты арандату пікірімен және Кремль саясатын ашық насихаттауымен жұрттың наразылығын тудырып келген.

Желідегі қауым бүгінгі оқиғаны «елдегі ақпараттық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты сепаратистік риторикадан тазарту» деп бағалауда. Ал Кремльдегі пропаганда әлгі екеуіне араша сұрап, ұлардай шулап жатқан жайы бар.

Ақпарат көзі: Коллаж: Ertenmedia.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚуығымнан үнемі ұрды: Ақтөбедегі әскери бөлімде сержанттар соққыға жыққан Ұлттық ұланның сарбазы ауруханаға түсті
Next Article Әлсіз жігіттер жер қылды: Көшпенділер ойындарында Қырғызстан көкпардан Қазақстанды 7:2 есебімен ойсырата жеңді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.