Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Куәгер Боқаев үшін 12 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғанын мойындады
Жаңалықтар

Куәгер Боқаев үшін 12 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғанын мойындады

НұрланНұрлан30.10.20263
Фото: видео скриншот

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқа қатысты іс бойынша «Нұр Отанның» бұрынғы идеологының алаяқтық схемасының соңғы кезеңін, яғни «ҚазТрансГаз» кәсіподағының қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, оны сотталушының жеке бизнесіне жұмсау әрекеттерін ашып көрсететін айғақтар жария етілді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Сотта «MLS-Group» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы әрі директоры Жармұхамед Сұлтановтан жауап алынды. Сұлтановтың айтуынша, ол Боқаевпен Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасында бірге жұмыс істеген және сол кезден бері таныс. Сол уақытта ол Боқаевқа бағынышты қызметте болған. 2018 жылы Боқаев оған Мадияр Қалменовтің атына рәсімделген «BM Trust» ЖШС атынан ынтымақтастық мәселелері бойынша жүгінген. Сот отырысында «MLS-Group» ЖШС-ның банк көшірмелері зерттеліп, онда «BM Trust»-тан түскен екі транш тіркелгені анықталды.

Алғашқы аударылған транштың көлемі 5,6 миллион теңгені құрап, көрсетілген төлемнің мақсаты ретінде «жарнама саласындағы қызметтер үшін» деген анықтама таңдалған. Сұлтанов бұл қаражаттың бір бөлігі шынымен де «ҚазТрансГазға» арналған бейнероликтерді түсіруге жұмсалғанын растады. Алайда дәл осы қаражатқа Санжар Боқаев өзіне тиесілі «Art Romance» жиһаз цехы үшін сайт жасатып, цехтың жарнамасына арналған бейнероликтердің жұмыстарын да төлеген.

Екінші транш 12,3 миллион теңгені құраған. Бұл қаражат автошеру туралы деректі фильм түсіруге арналған. Куәгердің түсіндіруінше, компания мердігерлерді таба алмағандықтан, фильм түсірілмеген. Сұлтанов бұл туралы Боқаевқа хабарлаған кезде, ол фильмді түсірумен өзі айналысатынын айтқан.

Сұлтановтың сотта берген айғақтарына сәйкес, осыдан кейін 12,3 миллион теңге өзіне бағынышты жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, Боқаевқа берілген. Бас фигуранттың қорғаушылары куәгерден ақшаны беру сәтін біреудің көрген-көрмегенін нақтылады. Сұлтанов «мұндайды тіс жарып ешкімге айтпайды» алға тартып, «жоқ» деп жауап берді.

Жария етілген деректер мемлекеттік айыптау тарапының қызмет көрсету келісімшарттарының жалған сипатын дәлелдеп, кәсіподақтан жымқырылған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, Боқаевтың жеке бизнесін қаржыландыруға бағытталғаны туралы нұсқаны толық растайды.

Жауап алу барысында қорғаушылар куәгердің айыпталушымен ортақ коммерциялық мүдделердің бар-жоғына да тоқталды. Боқаев адвокаттарының мұндай сауалына Сұлтанов айыпталушымен АҚШ-та ортақ бизнес жүргізгенін растады.

Куәгердің айтуынша, кәсіпорын 2024 жылдың соңында немесе 2025 жылдың басында Техас штатында ашылған. Жобадағы бақылаушы үлес, яғни 60 пайызы Санжар Боқаевқа тиесілі болған. Ал Сұлтанов, сондай-ақ Қараев тегімен белгілі тағы бір серіктес 20 пайыздан иеленген. Сұлтанов америкалық бизнеске 500 мың доллар инвестиция салынғанын нақтылады.

бокаев сот
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты
Next Article «Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026303

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202645

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026303

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202617

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.