Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Ұлдарына мың теңге де бермейді»: Әбілмансұр Серіковтің экс-әйелі ашулы жазба жариялады
Шоу бизнес

«Ұлдарына мың теңге де бермейді»: Әбілмансұр Серіковтің экс-әйелі ашулы жазба жариялады

НұрланНұрлан23.09.2026300
Фото: әлеуметтік желі

Танымал актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы әйелі Фариза Бекібай әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуінің балаларына қаржылай көмек көрсететініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Оның айтуынша, алиментті тұрақты түрде алу қиын. Кейде бірнеше ай бойы төлем түспейтінін айтқан ол, балалардың барлық қажеттілігі өз мойнында екенін жеткізді.

«Алимент алу қиынның қиыны. Бірде көл, бірде шөл. Міне, төрт ай алмадық. Тіпті өзі салмайынша сұрамаймыз. Балалардың емі, дәрісі, сабаққа киетін киімі – бәрі менің мойнымда.

Балам мың теңге сұраса да, «жоқ» дейді. Намыстанып, сұрама деп ұрысамын. Кейде менен тығылып сұрайды, телефонынан көріп қоямын. Екеуі де өзіммен еріп келген бала сияқты», – деп жазды Фариза Бекібай.

Ол әкесі тарапынан балаларға күнделікті қажетті заттарды алып беру, ем-домына көмектесу секілді қолдаудың маңызды екенін атап өтті.

«Негізі, балаларды асырау оның да мойнында ғой. Мың теңге мен бір қалам алып бермейтін әкенің барынан жоғы деп есептеймін. Басқа уақытта керім болып киініп жүргенше, алименті мен балаларына киім-кешек, еміне дәрі, тамақ алып берсе ғой, шіркін!

Балаларды бір рет те қыдыртпаған. Үлкенін осы жазда ғана алып кетті. Қалған уақытта қолымызды жаймаймыз. Күніміз соған қарамасын. Алла әділ», – деді ол.

актер алимент әбілмансұр серіков бала
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕрлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Next Article Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20262

«Умра оған не керек?»: Тұрсынбек Қабатовқа жасалған тосын сый елдің сынына қалды (ВИДЕО)

17.11.2026116

«Кеудедегі қос анар»: Төреғали Төреәлі мен Балжан Бидаш Threads желісінде сөз қағыстырды

17.11.202628
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20262

«Нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров өзгенің әндерін рұқсатсыз айтқан Нұрлан Өнербаевтың адамгершіліктен аттағанын айтты

18.11.2026408

Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: кемі 19 адам мерт болды

18.11.2026238

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202618

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

17.11.202616

Мемлекеттік қарыздың салмағы артты: Қазақстан шығындары 20,6 пайызға көбейді

17.11.202610

Қос студенттің қазасы: билік ҚазҰУ кешенді тексеру жүргізетін болды

17.11.202618

Қамбаға 2 млн тоннадан астам өнім түсті. Алматы облысында күзгі жиын-терім жалғасуда

17.11.20264

57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды

17.11.20269

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.