Қырғызстанның Баткен облысында 24 жастағы әйел кісі қолынан қаза тауып, артында үш баласы қалды. Қылмыс жасады деген күдікпен оның күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.   

Марқұмның таныстары әлеуметтік желіде келіншекті күйеуі алдымен соққыға жығып, кейін балтамен шауып, мәйітін көлге лақтырып кеткенін жазған. Алайда құқық қорғау органдары әйелдің балтамен шабылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Милицияның мәліметінше, марқұмның денесі 31 қазанда ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала болжам бойынша, ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш салдарынан жанжал туындаған. Осы оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті адвокаттың қатысуымен жауап алынғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Share.
Exit mobile version