Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Мұра жіптері»: Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған көрме өтеді
Жаңалықтар

«Мұра жіптері»: Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған көрме өтеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы25.08.20264
Фото: arthive.com

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына 80 жыл толуына орайластырылған «Мұра жіптері» көрмесін ұсынады. Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Экспозицияға музей қорынан және суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды: гобелендер, кескіндеме және графика жұмыстары қойылады, деп жазды Muztaumedia.kz.

Гобелен – бейне бояумен емес, тоқыма станогында жіп арқылы жасалатын тоқылған кілем-картина. Қазақстанда бұл техника ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше дамыды. Сол кезеңде суретшілер кілем тоқу дәстүрі мен киіз ою-өрнегін бейнелеу өнерінің жаңа түрінің негізі ретінде қайта пайымдай бастады. Осылайша халықтық мотивтерді, ұлттық ою-өрнекті және заманауи кескіндеме тілін тоғыстырған қазақстандық гобелен мектебі қалыптасты. Бұл мектептің бастауында оның негізгі тұлғаларының бірі – Батима Заурбекова тұрды.

Батима Заурбекова – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы оның шығармашылығы дәстүр мен заманауи көркемдік тілді ұштастыра отырып, қазақстандық гобелен өнерінің дамуына ықпал етті.

Көрме Батима Заурбекованың шығармашылығын әлемдік мәдениет контексінде таныстырып, оның негізгі көркемдік бағыттарын халық өнері және модернизмнің кескіндемелік ағымдарымен диалог аясында ашады.

«Мұра жіптері» экспозициясы үш зал арқылы саяхат түрінде құрылған:

Алғашқы зал музейдің тұрақты коллекциясы орналасқан кеңістіктен басталады. Мұнда сәндік-қолданбалы өнердің көрнекті үлгілері Батима Заурбекова шығармашылығының ұлттық көркемдік дәстүрмен байланысын айқындайды. Павильонның алып қабырғалары суретшінің туындыларында жиі кездесетін Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бейнесін меңзейді. Сонымен қатар павильон үйдің, баспананың және қасиетті мекеннің символына айналып, Заурбекова шығармашылығы үшін маңызды тақырыптарды – адам мен табиғаттың бірлігін, материал мен қолөнердің киелілігін аша түседі.

Екінші залда стилі жағынан жақын туындылар бірнеше аймаққа бөлінген. Әр аймақ суретші шығармашылығының белгілі бір бағытына сәйкес келеді. Кеңістіктің ашық архитектурасы көрерменге экспозицияны өз қалауынша тамашалауға мүмкіндік береді: туындылар әртүрлі ракурстан және түрлі үйлесімде көрінеді. Ал музыка олардың мазмұнын қабылдауға қосымша мәдени кілт қызметін атқарады.

Көрменің соңғы кеңістігі әйел бейнесінің сан қырын ашады. Композицияның негізгі бөлігін төбеге ілінген шаңырақ құрайды, оның айналасында ұлттық киімдегі қазақ аруларының портреттері орналасқан. Олардың барлығы әйел болмысын өмірдің үздіксіз жалғасу идеясымен байланыстырады.

Бұл жерде суретші туралы деректі фильмді көруге, мұрағаттық фотосуреттермен танысуға және оқу-жаттығу тоқыма станогында жұмыс істеп көріп, гобелен жасау үдерісінің қыр-сырын сезінуге болады.

«Мұра жіптері» дәстүрлі ретроспектива шеңберінен шығып, гобеленді өнер тілінде көрерменмен сөйлесе алатын тірі әрі заманауи медиум ретінде көрсетуге ұмтылады. Көрме өнертанушылардан бастап дизайнерлерге, сәулетшілерге және дәстүрді мұрағат ретінде емес, заманауи визуалды тілдің қайнар көзі ретінде қабылдайтын шығармашылық қауымдастықтарға дейін кең аудиторияға бағытталған.

Арада ондаған жыл өтсе де, Батима Заурбекованың гобелендері көрерменмен үй, жады және ұрпақтар сабақтастығы туралы сырласуын жалғастырып келеді.

«Мұра жіптері» көрмесі – өткенмен кездесудің, ал өткеннің бүгінгі күнде өмір сүруін жалғастырып жатқанын сезінудің бір мүмкіндігі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы Халықаралық баскетбол федерациясының президентін қабылдады
Next Article Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026396

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202616

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.