Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Мектептегі хиджаб дауы: ҚМДБ мемлекеттің ұстаныма қарсы шығып, министрлікті құптамайтынын мәлімдеді
Басты ақпарат

Мектептегі хиджаб дауы: ҚМДБ мемлекеттің ұстаныма қарсы шығып, министрлікті құптамайтынын мәлімдеді

НұрланНұрлан10.09.2026379
Фото: ҚМДБ

Оқу-ағарту министрінің мектеп формасына қойылатын талаптарына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз ұстанымын білдірді, деп жазады Muztaumedia.kz.

ҚМДБ мәлімдеуінше, Ислам шариғаты бойынша балиғат жасына жеткен мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Діни басқарма бұл мәселедегі діни үкім өзгермейтінін атап өтті.

“Ислам шариғаты бойынша балиғат жасына жеткен мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Бұл мәселедегі діни үкім өзгермейді. ҚМДБ бұған дейін де осы ұстанымды бірнеше рет ашық білдіріп, мектеп жасындағы қыздардың білім алуына кедергі келтірмей, діни міндетін орындауына мүмкіндік беретін оңтайлы шешім қабылдау жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстарын жеткізген. Атап айтқанда, мектеп формасының жалпы үлгісі мен түсіне үйлесетін орамалға рұқсат беру ұсынылған», — делінген мәлімдемеде.

Бұл ретте ҚМБД балиғат жасына жеткен мұсылман қыздардың мектеп формасына үйлесімді орамал тағуына мүмкіндік берілуі керек деп есептейді. ҚМДБ мәлімдеуінше, оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс.

«Біздің пайымымызша, оқушының орамал тағуы оның білім алуына кедергі болмауы тиіс. Сол секілді білім беру ұйымдарының мұсылман қыздардың діни ұстанымына түсіністік танытуы мектепті лицензиядан айыруға негіз болатын мәселеге айналмағаны жөн. Осы себепті ҚМДБ орамал тағуға мүмкіндік берген жекеменшік мектептерді лицензиядан айыру секілді қатаң шараларды қолдануды құптамайды», — дей келе зайырлылық дінді жоққа шығару немесе азаматтың діни сенімін шектеу деген сөз емес екенін нақты білдірді.

Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен бөлінгенімен, азаматтардың ар-ождан бостандығына құрметпен қарау қағидаты сақталады.

«Зайырлылық – дінді жоққа шығару немесе азаматтың діни сенімін шектеу деген сөз емес. Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен бөлінгенімен, азаматтардың ар-ождан бостандығына құрметпен қарау қағидаты сақталады. Қазақстан заңнамасында да заңды діни қызметке кедергі келтіруге және адамның дінге көзқарасына байланысты азаматтық құқықтарының бұзылуына жол берілмейтіні көрсетілген», — делінген ұстанымда.

Діни басқарманың мәлімдеуінше, орамал мәселесі жылдар бойы қоғамда талқыланып келеді. Оны тек тыйым салу және әкімшілік шаралар арқылы шешу қоғамдағы түсініспеушілікті тереңдете түсуі мүмкін.

Осыған байланысты ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігіне және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға мектеп формасының талаптарын сақтай отырып, балиғат жасына жеткен мұсылман қыздардың орамал тағуына мүмкіндік беретін нақты құқықтық тетікті қарастыруды ұсынады.

ҚМДБ мәлімдеуінше, балалардың әрі білімді, әрі тәрбиелі, әрі өз сеніміне құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуы маңызды.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталған мәселені мемлекеттік органдар, дін өкілдері, ата-аналар мен сарапшылардың қатысуымен сындарлы диалог арқылы шешуге дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзған, оның ішінде оқушы қыздарға орамал тағуға рұқсат берген мектептің лицензиясынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

дін зайырлы мемлекет ҚМДБ
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШәлкөде құпиясы: көне түркілер қағандарын қалай ұлықтаған?
Next Article Шымкенттегі төбелес 65 жастағы ер адамның өлімімен аяқталды

Оқи отырыңыз...

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202612

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20265

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202612

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20265

«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтап шықты

16.09.202660

Атан түйе ойнақтаса жұт болады: Алагөзовтің ерсі биі елге ұнамады (ВИДЕО)

16.09.2026121

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262

Президент көлік-логистика әлеуетін нығайтуды тағы бір басымдық деп санайды

16.09.20262

«Жүрегім бір бұлқынып қоятын»: әнші Роза Әлқожа Мәскеудегі қызы туралы шындықты айтты

16.09.2026204

Үстімнен жүк түскендей болды: балаларының әкесін соттатып жіберген Фариза Алмазқызы эмоциясымен бөлісті (ВИДЕО)

16.09.2026396

Музей сөресіндегі жәдігерден ғылыми жаңалыққа дейін: «Ғылым ордасында» халықаралық симпозиум өтті

16.09.202619

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.