Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент тиісті Жарлыққа қол қойған. Марапат ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, ел экономикасының дамуына үлес қосқан азаматтарға табысталды.

Толығырақ марапатталған азаматтардың тізімі Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Share.
Exit mobile version