Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«Өмірім бір сәтте өзгерді»: Астаналық қыз ат клубында ауыр жарақат алды (ФОТО)
Оқиғалар

«Өмірім бір сәтте өзгерді»: Астаналық қыз ат клубында ауыр жарақат алды (ФОТО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы13.07.20263
Фото: Видеодан скриншот

Астана тұрғыны Ақбота Амангелдіқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ат клубында болған оқиғадан кейін ауыр жарақат алғанын айтып, өз тәжірибесі арқылы жұртшылықты сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, оқиға 11 маусым күні құрбысымен бірге QULATAY ат клубына барған кезде болған. Ақботаның сөзінше, кешкі уақытта оларға екі жылқы берілген. Құрбысының аты алдын ала дайындалған болса, өзіне берілген аттың ер-тұрманының дұрыс бекітілгенін ешкім тексермеген. Сондай-ақ атты оған нұсқаушы емес, кәмелетке толмаған жасөспірім тапсырғанын айтады.

Бойжеткеннің мәліметінше, серуен кезінде нұсқаушы бірнеше рет атты шабысқа жіберуге рұқсат берген. Үшінші мәрте шауып келе жатқанда ердің тартпасы босап, ер бір жаққа ауып кеткен. Соның салдарынан ол аттан құлап, ауыр жарақат алған.

Ақбота құлағаннан кейін ат клубының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, ауруханада оның оң жақ тоқпан жілігі сынғаны анықталып, сол түні шұғыл операция жасалған.

Ол операциядан кейін клуб басшылығы бірнеше рет хабарласып, қолдау көрсетуге және көмек беруге уәде еткенін, алайда полицияға арыз жазғанын білген соң байланысын үзгенін мәлімдеді.

Ақботаның айтуынша, қазіргі таңда іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның сөзінше, клуб өкілдері қауіпсіздік талаптарының сақталмауын мойындаудың орнына, болған оқиға үшін жауапкершілікті өзіне жүктеуге тырысқан.

Жарақат салдарынан бойжеткен бір жылға жуық қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылғанын, ұзақ уақыт оңалтудан өтуге мәжбүр екенін жеткізді. Ол бұл оқиғаны жұрттың аяушылығын тудыру үшін емес, атқа міну кезінде қауіпсіздік талаптарына ерекше мән беру қажеттігін ескерту мақсатында жариялағанын атап өтті.

Ал ат клубының өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірмеген. Астана қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПрезидент Үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетуді тапсырды
Next Article 515 млрд теңгенің тауары: Алматы облысының өнімдері әлемнің 61 еліне экспортталады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.