Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Мыңдаған майдангердің есімін елге танытқан: белгілі тарихшы әрі жазушы Жұмабай Доспанов 74 жасында өмірден өтті
Қоғам

Мыңдаған майдангердің есімін елге танытқан: белгілі тарихшы әрі жазушы Жұмабай Доспанов 74 жасында өмірден өтті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы26.07.202610
Фото: ашық дереккөзден
Белгілі әскери тарихшы, жазушы, журналист, қоғам қайраткері және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұмабай Орынғалиұлы Доспанов 74 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Muztaumedia.
Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жеткізіп, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен оқырмандарына көңіл айтты. Жұмабай Доспанов 1952 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол Таңдай орта мектебінде білім алып, кейін облыстық салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарған.1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басында қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып, «Атырау демократияға жәрдемдесу орталығын» басқарды. Сондай-ақ өңірдегі тәуелсіз басылымдардың бірі – «Алтын ғасыр» газетінің негізін қалап, бас редактор болды.

Өмірін әскери тарихты зерттеуге арнады

Жұмабай Доспанов 2011 жылдан бастап Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлердің тағдырын зерттеуге ден қойды.

Ол Ресей Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатындағы ресми құжаттарды зерделеп, осыған дейін есімдері кеңінен аталмаған мыңдаған қазақ офицері мен қазақстандық әйелдердің ерлігін анықтады.

Зерттеуші соғысқа қатысқан 8 400-ден астам қазақ офицерінің әскери қызмет жолын жүйелеп, олардың арасында батальон, артиллериялық дивизион, авиациялық эскадрилья және партизан отрядтарын басқарған жауынгерлер болғанын мұрағат деректері арқылы дәлелдеді.

Іргелі еңбектер қалдырды

Жұмабай Доспановтың әскери тарихқа арналған бірнеше көлемді еңбегі жарық көрді.

Олардың қатарында соғысқа қатысқан қазақ офицерлері туралы деректер жинақталған он томдық «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақ офицерлері» еңбегі бар.

Сондай-ақ ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғанымен, түрлі себептермен марапатталмай қалған қазақстандықтарға арналған «Совет Одағының Батыры атағы берілмеген қазақстандықтар» атты зерттеуін жариялады.

Ал «Қару мен қалам» кітабында майданда жүріп күнделік, хат және әдеби шығармалар жазған қазақ зиялылары мен офицерлерінің жауынгерлік және шығармашылық жолы қамтылған.

Мыңдаған майдангердің есімін тарихқа қайтарды

Тарихшы майданда жоғары әскери шенде қызмет еткен ондаған офицердің, сондай-ақ мерген, ұшқыш, байланысшы және медицина қызметкері болған мыңдаған қазақстандық әйелдің тағдырын жеке зерттеген.

Оның ұзақ жылдар бойы жүргізген «Қазақстанның қаһарман майдангерлері» жобасы Ұлттық құрылтайда жоғары бағаланып, Екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына орай көптомдық жинақ түрінде дайындалған.

Жұмабай Доспановтың еңбектері тарих тасасында қалған мыңдаған қазақстандық жауынгердің есімін қайта жаңғыртып, отандық әскери тарих ғылымына елеулі үлес қосты.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article5 күн көгілдір отын болмайды: Алматының екі ауданында газ жаппай өшіріледі
Next Article Баянның түсінігі мол: Тұрсын Алагөзов экс-әйелімен татуласып, демалысқа кетті (ФОТО)

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.