Фото: коллаж
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап өлтірген Шерхан Аймаханға қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Сот Шерхан Аймаханды үш бап бойынша кінәлі деп тапты:
- ҚР ҚК-нің 125-1-бабы — «Некеге тұруға мәжбүрлеу»;
- ҚР ҚК-нің 115-1-бабы — «Сталкинг» (артынан түсіп, соңынан қалмай қою);
- ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы — «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру».
Оған өмірлік бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
