Канье Уэст деген атпен танымал америкалық рэпер YE Қазақстанға келді. Әлеуметтік желіде оны Алматы әуежайында қарсы алу сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

«Әуежайда музыкантты қазақтың салтымен – ұлттық бимен, ұлттық дәммен және ыстық ықыласпен қарсы алды. Әртіске еліміздің мәдениеті мен дәстүрін таныстыра отырып, шынайы қазақы меймандостық көрсетілді», — делінген жарияланымда.

Еске салайық, бұған дейін танымал америкалық рэпер Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт өткізетіні хабарланған еді.

 

Share.
Exit mobile version