Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Найзағай, дауыл, тұман: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы бойынша ескерту жасалды
Жаңалықтар

Найзағай, дауыл, тұман: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы бойынша ескерту жасалды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы26.08.20264
Фото: ЖИ

26 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлауы мүмкін. Синоптиктер найзағай, қатты жаңбыр, тұман, жел және жоғары өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік және шығыс аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Ақтөбе облысында түнде солтүстікте, күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Жетісу облысында, әсіресе таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында күндіз батыс және солтүстік аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік бөлігінде тұман түсіп, облыстың оңтүстігінде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында найзағаймен бірге аздаған жаңбыр күтіледі.

Ақмола облысында түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында да тұман күтіліп, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, тұман түсуі ықтимал. Ал Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Синоптиктер бірнеше өңірде төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Жамбыл облыстарында өрт қаупі жоғары. Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше, ал шығысында жоғары өрт қаупі болжанған.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы +38…+39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

«Қазгидромет» тұрғындарға ауа райына байланысты дауылды ескертулерді ескеріп, сапар мен ашық ауадағы жұмыстарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Нағыз сорлы еркектің тірлігі»: Жеңіс Ысқақова еркектерге ашуланды (ВИДЕО)
Next Article «Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026376

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.