Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Көлікті мен жүргіздім»: Нұржан Қалжан достарының өліміне себепші болғанын айтты
Шоу бизнес

«Көлікті мен жүргіздім»: Нұржан Қалжан достарының өліміне себепші болғанын айтты

НұрланНұрлан11.09.20261 068
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Нұржан Қалжан 2009 жылы болған жол апатынан кейінгі қиын кезеңін еске алып, сол уақытта басынан өткен жағдайды айтып берді,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Өнер иесі бұл туралы «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Нұржан Қалжанның айтуынша, жол апатынан кейін дәрігерлер оның әншілік мансабына қауіп төнуі мүмкін екенін ескерткен. Алайда әнші үшін сол сәтте дауысынан айырылып қалу емес, жақын достарынан айырылу ауыр болған.

«2009 жылы жол апатынан кейін дәрігерлер маған енді ән айта алмай қалуым мүмкін екенін айтты. Мойныма темір қойылды. Бірақ ән айта алмай қаламын деген сөз мені қорқытқан жоқ. Ол туралы ойлайтындай жағдайда болмадым. Себебі сол жол апатында жанымдағы достарымнан айырылдым. Олардың арасында журналист Руслан Бөлебай да болды. Бір көлікте бірге келе жатқанбыз, көлікті мен жүргіздім», – деді әнші.

Өнер иесі достарының қазасын ауыр қабылдап, ұзақ уақыт бойы өзін кінәлағанын айтты. Ол сол кезеңде жақындарының аман қалмағанына өкініп, түрлі ойлар мазалағанын жеткізді.

«Достарымнан айырылып қалғаным қатты батты. “Сол кісілер аман қалғанда ғой” деп ойладым. Тіпті “олар аман қалып, мен кетіп қалғанда” деген ойлар да келді. Өзімді қатты кінәладым. Сол кезде ән айту, дауысымнан айырылып қалу деген дүниелердің бәрі мүлде ойыма келген жоқ», – деді Нұржан Қалжан.

Еске салайық, 2009 жылдың 16 шілдесінде тележүргізуші әрі әнші Руслан Бөлебай жол апатынан 24 жасында қайтыс болған.

әнші жол апаты Нұржан Қалжан
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»: Алматыда ата-аналарға маңызды мәселелер айтылды
Next Article «Сахараның соңғы шырағы»: Қытайда қазақ жастары анимациялық фильм түсірді

Оқи отырыңыз...

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

30.10.202614

«Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

30.10.2026149
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026396

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202616

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.