Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Олжас Бектенов қайтадан премьер-министр болып тағайындалды
Оқиғалар

Олжас Бектенов қайтадан премьер-министр болып тағайындалды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы31.08.20267
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның  премьер-министрі лауазымына Олжас Бектенов қайта сайланды, оның кандидатурасын  137 депутат қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Осы қызметке оны президент Қасым- Жомарт Тоқаев ұсынды. Мемлекет басшысының пікірінше, Олжас Бектенов үкіметті басқарған жылдары жақсы нәтиже көрсеткен.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, маған жоғары сенім көрсетіп, екінші мәрте Премьер-Министр лауазымына тағайындағаныңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Сондай-ақ бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттарына қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін. Біздің өзіңізбен бірлескен жұмысымыз Мемлекет басшысының Әділетті әрі қуатты Қазақстанды құру жөніндегі тапсырмаларын жедел және сапалы орындауға бағытталатынына сенемін. Жаңа Конституциямыз қабылданып, мемлекетіміздің саяси жүйесінің жаңару үдерісі бастау алған ел дамуындағы аса маңызды кезеңде Үкіметті басқару мен үшін айрықша жауапкершілік. Президент мырза, жыл қорытындысы бойынша экономиканың кемінде 5 пайыздық өсімін қамтамасыз етеміз. Бұл орайда азаматтарды белсенді жұмыспен қамту арқылы олардың табысын арттыра отырып, инфляция деңгейін төмендетеміз.

Сіз тапсырғандай, біз бүкіл еліміз бойынша маңызды жобалардың құрылысын бастадық. Ауқымды құрылыс бағдарламасы инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды озық қарқынмен салуға және экономикалық өсімді ынталандыруға бағытталады. 2026 жыл сіз белгілегендей, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып белгіленді. Тапсырмаларды жедел әрі сапалы орындау үшін бар күшімізді саламыз. Экономиканың барлық саласында цифрлық трансформация жалғасын табады. Сонымен қатар, заң мен тәртіп қағидаты Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі болады», — деді Бектенов.

Естеріңізге сала кетейік, Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер. 2019 жылғы 26 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды.2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШұғыл: Қазақстанның вице-президенті Ерлан Қарин болды
Next Article «Қадірлі халқым…»: Ерлан Қарин вице-президент лауазымында алғаш рет сөз сөйледі

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.