Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
Қоғам

Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған

НұрланНұрлан09.09.2026121
Фото: QRNews

Оралда ер адам танысының басына, кеудесі мен ішіне, арқасы мен жамбасына пышақ сұғып, асқан жауыздықпен өлтірген. Ал сотта өзін қорғау үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтып ақталмақ болған. Алайда сот оның ақталмақ болған сөздерін негізсіз деп таныды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

«Кассациялық соттар» мәліметінше, бірінші сатыдағы сот ер адамды кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған. Ал апелляциялық сот бұл үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Алайда, ол кассациялық шағым түсіріп, ақталып шықпақ болған. Айтуынша, жанжалды танысы бастап, пышақпен бірінші шабуыл жасаған. Ал ол оның қолындағы пышағын тартып алып, өзін қорғау үшін бірнеше рет сұғып алуға мәжбүр болған.

Алайда кассациялық сот оның бұл сөздерін растайтын дәлелдер жеткіліксіз деген шешімге келді.

Соттың ұсынған дәлелдеріне сүйенсек, ер адам мас күйінде танысына кемінде 10 рет әдейі сұғып алған. Соның салдарынан көп қан жоғалтқан. Сол сияқты марқұмның ешқандай қарсылық көрсетпегені де анықталды. Марқұмның алған жарақаттары мен оқиға кезіндегі жағдай шабуылдың керісінше сотталған адамның бастағанын көрсеткен.

«Жәбірленушінің айтқандары сот сараптамаларының нәтижелерімен, куәгерлердің сөздерімен және оқиға орнын тексеру кезінде жиналған дәлелдермен сәйкес келген. Оқиға орнынан пышақ пен қан іздері де табылған. Кассациялық сот ер адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі бойынша қаралғанын орынды деген қорытындыға келді. Сондай-ақ сот тағайындаған жазаны негізді деп танып, істі қарау кезінде заң талаптары бұзылмағанын атап өтті», – делінген «Кассациялық соттар» хабарламасында.

адам өлімі орал пышақ сот
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты
Next Article 17 жасында үйленіп, ажырасқан: Ақтөбеде ауруханаға түскен сарбазға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Оқи отырыңыз...

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұмысшы қаза тапты

30.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.