Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Орбитада 9 ай болған «Союз МС-28» экипажы мүшелері Жезқазған маңына қонды
Оқиғалар

Орбитада 9 ай болған «Союз МС-28» экипажы мүшелері Жезқазған маңына қонды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы26.07.20264
Фото: «Союз МС-28»
«Союз МС-28» ғарыш кемесі миссиясын аяқтады. 26 шілдеде түстен кейін кеменің қону аппараты Жезқазған маңына жоспарлы түрде қонды, деп хабарлайды Muztaumedia.

Жерге «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ, NASA ғарышкері Кристофер Уилльямс оралды.

Таңертең ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының «Рассвет» модулінен ажырады. Бұдан кейін орбитадан шығып, Жерге қарай төмендей бастады.

«Роскосмос» мәліметінше, қайту барысының барлық кезеңі қалыпты жағдайда өтіп, ұшу бағдарламасына толық сәйкес орындалған.

Экипаж былтырғы қарашадан бері Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ғарышкерлер ғылыми зерттеулер жүргізіп, түрлі тәжірибелер жасап, станцияның қалыпты жұмысын қамтамасыз етті. Қону аймағында іздестіру-құтқару қызметтері алдын ала кезекшілік етті. Аппарат жерге қонғаннан кейін экипажды «Роскосмостың» арнайы іздестіру-құтқару жасағы қарсы алды. Мамандар ғарышкерлер мен астронавтты қону аппаратынан қауіпсіз шығарып, эвакуациялады.

«Союз МС-28» ғарыш Жезқазған Ресей
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБаянның түсінігі мол: Тұрсын Алагөзов экс-әйелімен татуласып, демалысқа кетті (ФОТО)
Next Article Кілең жасөспірімдер: жеңіл көлік ағашқа соғылып, алты адам тірідей жанып кетті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202642

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202642

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026260

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202614

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.