Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«Пәтерімнің жоқтығынан үйленбей жүрмін»: «Шал» фильміндегі актер шындығын жайып салды (ВИДЕО)
Қоғам

«Пәтерімнің жоқтығынан үйленбей жүрмін»: «Шал» фильміндегі актер шындығын жайып салды (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.08.202618
Шал фильмінен скриншот

«Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Ерболат Тоғызақов осы күнге дейін жеке пәтері болмағандықтан шаңырақ көтермегенін, қазір бұл арманын орындауға зейнетақысы жетпейтінін айтты. Сондай-ақ, ол Сібірден отбасымен көшіп келгелі көп қиындық көрсе де, өткен өміріне тек риза екенін айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

«Бұрын кеңес өкіметінің кезегі келіп тұрғанда, онымен бірге менің де мүмкіндігім өтіп кетті. Қазір күшім жетпейді. Өз ақшама пәтер алу — орындалмайтын нәрсе. Пәтер бұйырса екен деген арманым бар. Шындығын айтқанда, сондай бір арманым бар еді. Өзімнің меншікті пәтерім болмаса, мен қалай бір адамды алып келіп, «үйленемін, той жасаймын» деп айтамын? Осы күнге дейін неге отбасын құрмадым, неге пәтерім жоқ?» — деді актер.

Ары қарай Ерболат Тоғызақов өзіне өз пәтері болмайынша отбасын құрмаймын деп серт бергенін жеткізді. Алайда актер 78 жасқа келсе де, басында үйі жоқ екенін айтады.

«Кезінде Сібірден келгенде, бәріміз жалдамалы пәтерде тұрдық. Жағдай өте нашар еді, қалай болғанда да өз үйіңдей болмайды ғой. Үй иесімен түсініспеушіліктер, түрлі қиындық болып тұратын. 1964 жылы әкем, әйтеуір, пәтер алды. Содан кейін ғана ес жинай бастадық. Сол кезде жазушылар бір-бірін қонаққа шақырып, қуанып өмір сүретін. Қазірге дейін солай… Сондықтан «өз пәтерім болмаса, үйленбеймін» деп өзіме сөз берген едім. Өз қолыммен жағдай жасамайынша шаңырақ құрмаймын деп шештім. Өзіме серт бердім. Өйткені өз күшім жетпеді, солай өтіп кетті. Өкінетін де ештеңе жоқ, бәрі артта қалды. Ал көңілімде жүрген адам бар ма? Бар, иә, әлі де бар. Тіпті арман болып қалды. Егер жағдай болса, бірге жүрер едік. Басқаша қалай болады?» — деді ол.

Десе де, актер осы өмірді сүруге қайта мүмкіндік берілсе, қуанатынын, махаббат сезімінің бар екеніне сенетінін жеткізді.

«Кезінде қатты ғашық болған сәттерім де болды! Адам болған соң болмай ма?! Өмір ғой бұл. Құдайдың жаратылысы сондай: екі адамды таныстырады, бір-бірін жақсы көреді, отбасын құрады. Бұл — жай нәрсе емес, Жаратқанның ісі. Мен оған сенемін. Содан соң балалар туады… Әрине, менде де ондай ойлар болған, ондай адам да бар. Шынымды айтсам, мен осы өміріме өте ризамын. Қаншалықты қиын болса да, жаман нәрсенің бәрі уақыт өте ұмытылады. Аштық та, қиыншылық та артта қалды. Қазір, Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Еңбек етіп, ақша тауып, үй алуға болады. Тек маған қазір күш-қуат жетпейді, ондай жұмыс таба алмаймын. Бірақ, шындап келгенде, мен бұл өмірге өте ризамын. Егер қайта тусам да, осы өмірімді қайта сүрер едім», — деді Ерболат Тоғызақов.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Дұғада болайық!»: Музарттағы Кенжебек жансақтау бөліміне түсті (ВИДЕО)
Next Article Құрылтай Қазақстанның дамуына серпін береді — сарапшы

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.