Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Палестиналық тұтқындар қамалған: Израиль түрмелерін қолтырауындар күзетеді
Жаңалықтар

Палестиналық тұтқындар қамалған: Израиль түрмелерін қолтырауындар күзетеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы24.07.20267
Фото: ЖИ
Израильдің оңтүстігіндегі Кциот түрмесінің бір корпусында арнайы ор қазу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz порталы. 

Бұл жерде ХАМАС қозғалысының мүшелері мен қауіпсіздікке қатысты істер бойынша сотталған өзге де палестиналық тұтқындар жазасын өтеп жатыр.

Ynet пен The Times of Israel басылымдары құрылыс жұмыстары осы кездің өзінде басталғанын жазады. Жобаның іске асқанын Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрлігі растады.

Жобаның бастамашысы – Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир. Оның жоспарына сай, Ніл қолтырауындары жіберілетін орлар – түрмеден қашудың алдын алатын қосымша қорғаныс құралы әрі тұтқындарға психологиялық әсер ету тәсілі.

Орларды салуға 21 млн шекель (шамамен 3,3 млрд теңге) бөлінген.

– Мұны әзіл деп ойлағандар қателесті, – деп мәлімдеді жауапты мекеме өкілдері. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, ор түрме аумағының ішінде салынып жатыр және сырттан көрінбейді. Ұлттық қауіпсіздік министрлігі қолтырауындарды күтіп-бағу мен ұстаудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленгенін мәлімдеді.

Бауырымен жорғалаушылар орналастырылатын ордың ұзындығы шамамен 170 метр болмақ.

Бұл бастама Израильдің Табиғат және ұлттық парктер басқармасының сынына ұшырады. Мамандар «қолтырауындарды түрме күзетінің бір бөлігі ретінде пайдаланудың ғылыми әрі кәсіби негізі жоқ» деп отыр.

Негізінен, Ніл қолтырауындары тарихи тұрғыда қазіргі Израиль аумағында мекендесе де, XX ғасырдың басында табиғаттан жойылып кеткен еді. Қазір бұл жыртқыштар тек арнайы фермалар мен хайуанаттар бақтарында ғана тіршілік етеді.

азаптау Израиль түрме қолтырауын Палестина
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleVIP-қонақүй, ұшақ және жол талғамайтын көлік: Жетісу облысының әкімдігі блогерлерге миллиондаған қаражат жұмсамақ
Next Article Тоқаев Путиннің шақыруымен Ресейге жұмыс сапарымен барады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.