Қазақстанда өткен қыркүйек айында 100-ден аса жемқордың 3,7 млрд теңгені жымқырып үлгергені анықталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, 106 сыбайлас жемқорлық ісі анықталған.
«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.
Қылмыстық істердің нәтижесі бойынша 3,7 млрд теңге қолды болғаны анықталды.


