Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Спорт»ҚР Қарулы күштерінің жауынгері UFC-де жеңіске жетті
Спорт

ҚР Қарулы күштерінің жауынгері UFC-де жеңіске жетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы12.08.20260
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі, кіші сержант Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде бразилиялық спортшы Бруно Лопесті бірінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен Дияр Нұрғожай мен Бруно Лопес арасындағы кездесу тартысты өтті. Жекпе-жектің шешуші сәті алғашқы бес минуттың соңғы секундтарында орын алды. Жоғары қарқын мен жинақылықты сақтаған қазақстандық спортшы қарсыласына қысымды күшейтіп, нәтижелі шабуыл жасады. Төреші жекпе-жекті бірінші раундтың аяқталуына небәрі бір секунд қалғанда, яғни 4 минут 59 секундта тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл жеңіс Дияр Нұрғожайдың жоғары физикалық төзімділігін, психологиялық тұрақтылығын және барынша шиеленісті жағдайда да кәсіби шеберлігін сақтай алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай қасиеттер арнайы мақсаттағы бөлімшелердегі әскери қызмет үшін аса маңызды, өйткені әскери қызметшіден жоғары кәсіби дайындық, тәртіп, ұстамдылық пен ерекше жағдайларда сенімді әрекет ету талап етіледі.

Еске салайық, бұған дейін де отандасымыз бразилиялық Рафаэль Тобиасты үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Жалпы алғанда, әлемдегі аралас жекпе-жек (MMA) бойынша ең ірі ұйымның турнирлерінде өнер көрсетіп жүрген спортшының еншісінде 12 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖолдағы жанжал: Алматыда жүргізушіні ұрған «дөкей» ұсталды
Next Article Президент бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Оқи отырыңыз...

Медальдар қайта есептелді: Қырғызстан Қазақстанның жеңісін мойындады

07.09.20268

Қазақстандық спортшылар АҚШ-та суға жүзуден 13 алтын медаль жеңіп алды

05.08.20260

Қазақстандағы ең сұлу боксшы атанған Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді

26.07.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 676

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 263

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 391

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 348

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 961

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 836

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 730

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 702

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 362

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.