Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Ресейде жантүршігерлік жол апатынан 2 қазақ қаза тауып, үшеуі жарақат алды
Оқиғалар

Ресейде жантүршігерлік жол апатынан 2 қазақ қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.07.20261 389
Фото: Алтай мемлекеттік инспекциясы

Ресейде болған жантүршігерлік жол апатынан Қазақстанның екі азаматы көз жұмып, тағы үш қазақстандық, оның ішінде 13 жастағы қыз бала жарақат алды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға 27 шілде күні кешкі сағат 20:30 шамасында Ұлаған ауданындағы Ақташ ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Avensis автокөлігін басқарған 31 жастағы жергілікті тұрғын қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Қазақстанның 40 жастағы азаматы тізгіндеген Chevrolet Nexia көлігімен соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны сонша, Chevrolet жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы ауыр жарақатпен Ақташ аудандық ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.

Жол апаты салдарынан тағы төрт адам түрлі жарақат алған. Ауруханаға Toyota көлігіндегі 21 жастағы жолаушы, сондай-ақ Chevrolet көлігіндегі екі 63 жастағы ер адам мен 13 жастағы қыз бала жеткізілген.

Ресейлік құқық қорғау органдарының мәліметінше, Chevrolet көлігіндегі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің бәрі – Қазақстан тұрғындары.

Ал апатқа кінәлі болуы мүмкін әйел жеңіл жарақат алып, үйіне жіберілген.

Тергеу барысында әйелдің көлікті жүргізу құқығы болмағаны және рөлге мас күйінде отырғаны анықталған.

– Тексеру барысында әйелдің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені әрі мас күйде болғаны белгілі болды. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Алтай Республикасы Мемлекеттік автоинспекциясы.

авария Алтай жол апаты қазақтар Монголия Россия
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Сайлау әділ өтуі тиіс
Next Article Алты бала жетім қалды: ресейде алтайлық әйелдің кесірінен өскемендік ерлі-зайыпты қаза тапты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20262

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202635

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20268
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20262

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202635

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026217

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20267

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20266

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202615

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202613

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202610

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20268

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.