Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік және басқа да салалардың 473 жұмысшысы мемлекеттік наградаларға ие болды
Басты ақпарат

Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік және басқа да салалардың 473 жұмысшысы мемлекеттік наградаларға ие болды

НұрланНұрлан23.10.20261
Фото: Ақорда

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

«????Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды», — делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы өндіріске сіңірген еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді.

«Отан» орденімен көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, «Музарт» тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған А.Қоразбаев марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.

Ел дамуына еңбегі сіңген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері «Парасат» орденімен марапатталды. Олардың арасында «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмбеков, «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері Н.Уәли, археолог А.Подушкин, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ профессоры М.Түсіпбекова, «Радуга» ЖШС бас директоры Д.Шарапаев және басқалары бар.

«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды.

Қоғамдық келісімді және ұлтаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» орденіне «Алматы қаласының Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Г.Аннакулиева, Қарағанды облысы «Шешен-ингуш «Вайнах» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы У.Джанаев, «Возрождение» Қазақстандық немістердің бірлестігі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Д.Редлер, «Tamos Space School» ЖШС мұғалімі Д.Ромащенко ие болды.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік сала еңбеккерлері III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің кавалері атанды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мәдениет саласының көрнекті өкілдері Б.Бәйменге, Т.Мүсілімге, П.Палтаевқа, М.Сайланбекке, А.Темкинаға және басқа да тұлғаларға берілді.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына педагогтер және білім беру саласының өкілдері Н.Каранда, К.Мәжитова, Е.Омарханов, Н.Сафиуллина, «Қазақстанның халық әртісі» атағына өнер қайраткерлері Т.Мұсабаев, Н.Өтеулов лайық деп танылды.

Бірқатар медицина қызметкері, соның ішінде Т.Шарманов атындағы Ұлттық медициналық университеттің профессоры Т.Таркина «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағының иегері атанды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер және құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І, ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін», сондай-ақ «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Барлығы 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 жұмысшысы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қызметкері, сондай-ақ күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.

Ақорда Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады
Next Article Мәжілістің бұрынғы депутаты Ринат Зайытов Қорғаныс министрлігінде қызметке тағайындалды

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026258

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202642

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026258

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202614

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.