Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Сағи Әшімов тірі болғанда 65 жасқа толар еді: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы ағасы тауралы жазды
Қоғам

Сағи Әшімов тірі болғанда 65 жасқа толар еді: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы ағасы тауралы жазды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы18.07.20265
Фотоколлаж: muztaumedia

Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы марқұм Сағи Әшімовті еске алды, деп хабарлайды Muztaumedia сайты.

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы Жанна Өнербаева әлеуметтік желіде өмірден ерте өткен актер Сағи Әшімовтің туған күніне орай әсерлі жазба жариялады. Ол марқұм ағасымен өткен балалық шағын еске алып, оған деген сағынышын жеткізді.

«Бүгін 18 шілде менің ағам, арқа сүйеп өскен тірегім Сағи Асанәліұлы Әшімовтің туған күні. Тірі болса 65 жасқа толар еді. Иә ол ерте кетті өмірден. Жалындаған 38 жасында өмірден озды. Кинода өзі сомдап, бейнесін мәңгілікке қалдырған Шоқаны сияқты “аққан жұлдыздай” болып көз алдымда да жүрегімде де қалып қойды», деді ол.

Жанна Өнербаеваның айтуынша, оны кішкентай кезінде Асанәлі Әшімовтің отбасына бауырына басып өсірген. Сол шаңырақта Мәди мен Сағи Әшімовтермен бірге ер жетіп, олардың қамқорлығын көрген.

«Мен Сарысуда тусам да, Алматыда өстім. Өз әкем Қасым Ысқақұлы Екінші дүние соғысынан аман қайтқаннан соң, соғыстан қайтпай қалған алдыңғы ағаларының артында қалған жесірлері, жеңгелерімен бір-бір түйір балдары, інілерін Асқарәлі мен Асанәліні өз қамқорлығына алып, оқытып-тоқытып, үйлі баранды болуларын қамтамассыз еткен. Ата-анам қазақтың дәстүріне сүйеніп, ағайынның арасын алшақтатпау мақсатында болу керек, мені бір жастан енді асып, тәй-тәй баса бастаған шағымда Асанәлі ағамның отбасына бала қылып береді. Сөйтіп есім кіріп, оң-солымды тани бастағаннан алдымда екі ағам, Мәди мен Сағи бар, анамдай бауырына басқан Майра тәтем (Майра Шакенқызы Айманова) мен ағам Асанәлі бар, мейіріміне бөлеген Тәжіхан апам бар деп өстім, бой жеттім», деп жазды Жанна Өнербаева.

Ол Сағи Әшімовтің өзіне әрдайым қамқор болып, шығармашылық жолын таңдағанда қолдау көрсеткенін ерекше ықыласпен еске алды.

«Әрине, орысы көп Алматының ауласында бала болып ойнап, орыс тілді мектебінде оқыдық. Сондағы менің қорғаным Мәди ағам болды да қамқоршым Сағи ағам болды. Әсіресе Сағи мені қолымнан жетектеп мектепке бірге барып келіп, үйде сабақтарымды пысықтауға көмектесуден жалықпаушы еді. Әрине мен кейін өз отбасыма оралдым, мектепті сонда бітіріп, Алматыға қайтып келдім. Таңдаған мамандығым театр саласы болғандықтан ба, Сағи ағам тілекші болып, жанашырлық танытып жүруші еді. Үйленіп, отбасын құрғанымда да той қызықшылығымның бәрінде болып, өз қолынан сый-сиапаттарын жасап ағалығын көрсеткені әлі есімде. Сағи ол кезде бірнеше киноға түсіп үлгерген елге танымал актёр еді. Тірі жүрсе әлі қанша бейнелерді сомдап, театр мен киноның шыңында жүрер ме еді деп бүгін еске аламын асыл ағамды. Жаның жаннатта болсын Сағиым, жаным ағам», деді ол.

актер Асанәлі Әшімов Жұлдыз кино Сағи
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТибеттік тханка өнері: Цинхайда көне дәстүр қалай жаңғырып жатыр?
Next Article Тартысқа толы 90 минут: Испания құрамасы Әлем чемпионы атанды

Оқи отырыңыз...

«Ғашықпын саған, ғажабым»: Олжас Абай Дариға Бадықоваға сезімін ашық жеткізді

09.09.202612

«5 қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салынған»: Ұлдана Мырзуан қаза болған үйге қатысты сотта жаңа дерек айтылды

09.09.202617

17 жасында үйленіп, ажырасқан: Ақтөбеде ауруханаға түскен сарбазға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

09.09.2026235
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 679

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 265

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 394

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 355

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 968

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 844

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 731

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 704

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 363

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.