Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Аймақ»Сал-серілер өлкесіндегі өнерпаздар жиыны: Көкшетауда мәдени апта өтеді
Аймақ

Сал-серілер өлкесіндегі өнерпаздар жиыны: Көкшетауда мәдени апта өтеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.10.20265

Көкшетауда 7-9 қазан аралығында өңірдің үш өнер ордасының мерейтойына арналған мәдени шаралар өтеді. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 80 жылдығын, Шақмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры 30 жылдығын, ал Ақмола облыстық орыс драма театры 50 жылдығын атап өтпек, деп жазады Muztaumedia.kz.

Мерейтойлық бағдарлама 7 қазанда филармонияның 80 жылдығына арналған шаралармен басталады. Сағат 11:00-де Қазақстан филармонияларының директорлары мен мәдениет саласының өкілдері қатысатын «Тазалық — мәдениеттің бастауы» атты дөңгелек үстел өтеді. Ал 16:00-де қонақтар Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжіне барып, мәдениет пен өнер саласына маман даярлау жүйесімен танысады.

Кешкі 19:00-де филармония сахнасында мерейтойлық гала-концерт ұйымдастырылады. Бағдарламада К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық және эстрадалық-үрмелі аспаптар оркестрлері, «Гәкку» би ансамблі мен солистер өнер көрсетеді. Арнайы қонақтар қатарында Секен Тұрысбек, Біржан Хасанғалиев және Айтқали Жайымов бар.

8 қазанда Шақмет Құсайынов атындағы театр 30-шы маусымын Мәр Байджиевтің «Он екінші күн» комедиясымен ашады. Қойылымға биыл 90 жасқа толатын Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысова қатысады.

9 қазанда Ақмола облыстық орыс драма театры 50-ші маусымын Мұхтар Әуезов шығармасы негізінде сахналанған «Лютый» драмасымен бастайды. Қойылым бұған дейін республикалық және халықаралық фестивальдерде бірнеше марапатқа ие болған.

Үш күндік бағдарлама Көкшетауда әр буын мен әр бағыттағы өнер өкілдерін бір алаңға жинап, өңірдің кәсіби өнерінің тарихы мен бүгінгі тынысын таныстырады

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы: Аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – басты міндет
Next Article ҚАЗСТА Азия ойындарында жеңіске жеткен студенттерін ұлықтады

Оқи отырыңыз...

Астанада күзгі экологиялық акцияға 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11.10.20262

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20263

Сотта жеңілген: Алматыда заңсыз дүкендер мен дәмханалар салған кәсіпкер шығынға батты

09.09.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202641

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026257

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202614

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.