Әнші Айқын Төлепберген өзінің сұхбатында бұрынғы әйелі туралы айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ол бірінші әйелі Әселдің орны ерекше екенін атап өтті. Әнші студент кезінен бірге, өнер жолында өзіне қолдау көрсеткен бірінші әйелін тастап, жас қызға үйленген еді. Алайда ол экс-әйелінің өзгемен тұрмыс құрғанын қаламайтынын ашық айтты.

«Әсел ол менің жүрегімде, өмірімде, қасымда. Әрқашан қолдаушым, оның кез келген айтқан сөзін жерге тастамаймын. Әсел тұрмысқа шығамын десе келіпеймін. Алла көрсетеді, бірақ қазіргі жауабым жоқ. Жібергім келмейді. Қиын, басқа сұрақ қойыңыз», — деді ол.

Share.
Exit mobile version