Сұхбаты арқылы медиакеңістікті бірнеше күннен бері шулатып жатқан Бекболат Тілеухан Мемлекет басшысына алғыс айтты. Қоғам қайраткерін Президент мерейтойымен құттықтаған, деп жазады Muztaumedia.kz порталы.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтауына айрықша алғысымды білдіре отырып, сенім үддесінен шығуға күш саламын! Рахмет!, — деп жазды Бекболат Тілеухан өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Еске салайық, бүгін қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан 60 жасқа толды. Ол 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Үш әйел алған әнші, әрі діндар Бекболат Тілеухан қаңтар оқиғасының алдында депутаттықтан кетіп, Түркияға жұмысын ауыстырған еді. Ал оның ағасына қатысты тергеу басталған.


