Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткімен ұсталды
Жаңалықтар

Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткімен ұсталды

НұрланНұрлан14.10.202635
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда ресейлік танымал әнші Наваи Бакировтың (Navai) ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға Жамбыл облысындағы Қордай ауылында болған. Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған ақпарат көздері хабарлады,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

14 қазанда әншінің Астанада концерті өтуі керек болған. Алайда ұйымдастырушылар іс-шараның техникалық себептерге байланысты өтпейтінін мәлімдеді. Концерттің кейінге шегерілгені немесе жаңа күні белгіленетіні әзірге нақтыланбаған.

Тараған ақпаратқа сәйкес, Наваи 12 қазанда Бішкекте өткен концертінен кейін Қазақстанға жол тартқан. Әнші шекарадан Mercedes-Benz көлігімен өткен. Көлікті өзі басқарғаны айтылады.

Шекарадан өту кезінде шекара қызметінің Атлас есімді қызметтік иті көлікке белгі берген. Осыдан кейін жүргізілген тексеру барысында жүргізуші орындығының қалтасынан жасыл түсті зат табылған. Кейін оның марихуана екені анықталғаны хабарланды. Сондай-ақ көліктен өздігінен темекі жасауға арналған қағаз бен ұсақтағыш табылған.

Көлікте әншімен бірге тағы екі адам болған. Үшеуі де ұсталып, полиция қызметкерлеріне тапсырылған. Аталған дерек бойынша «Контрабанда» және «Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдау» баптары бойынша қылмыстық іс тіркелгені айтылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары табылған, салмағы 2,5 грамм болатын тыйым салынған заттың кімге тиесілі екенін анықтауда. Алдын ала тараған мәлімет бойынша, Наваи Бакиров әзірге күдікті деп танылмаған. Дегенмен ол көліктегі екі жолаушымен бірге уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты ресми түрде растағаны айтылады. Тергеу нәтижесі мен әншінің құқықтық мәртебесіне қатысты нақты мәлімет әзірге белгісіз.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жауап қайтарар уақыт келеді!»: Олжас Абайдың экс-әйелі жазба жариялады (ВИДЕО)
Next Article Алматыда тамақтан уланған оқушылар саны артты: ауруханаға тағы үш бала түсті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.