Каспий теңізінде іздестіру жұмыстары барысында тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Бұл туралы оқиға орнында жұмыс істеп жүрген «Атамекен бизнес» тілшісі мәлімдеді.
Әскери қызметшілерді іздеу-құтқару жұмыстарына 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер тартылған. Сонымен қатар операцияға төрт тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды.
Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.


