Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Шетелдік әншілердің концертіне барыңдар»: Қайрат Нұртас өзін сынаған блогерге ашуланды (ВИДЕО)
Шоу бизнес

«Шетелдік әншілердің концертіне барыңдар»: Қайрат Нұртас өзін сынаған блогерге ашуланды (ВИДЕО)

НұрланНұрлан12.10.2026238
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкенттегі концертте болған жағдайды сынаған блогерге жауап берді. Өнер иесі блогердің жазбасын орынсыз деп санап, әлеуметтік желіде пікір қалдырды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде бір блогер Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертіне қатысқанын айтып, көрермендердің әрекетіне наразылық білдірген еді.

Оның айтуынша, концерт барысында жиналған жұрт арасында итерісу мен дүрбелең болған. Кейбір адамдар бір-біріне айқайлап, шаштан тартқан, тіпті басқаларды таптап кете жаздаған.

Сонымен қатар блогер концертте адам қаза тапты деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Дегенмен оның мәлімдеуінше, бірнеше көрермен медициналық көмекке жүгінген. Сондай-ақ оқиғадан кейін 18 жастағы қыздың ауруханада қалғанын айтқан.

Жазба авторы жұртты бос уақытын білім алуға, кітап оқуға, спортпен айналысуға және театрға баруға арнауға шақырған. Алайда бұл пікір әнші Қайрат Нұртасқа ұнамаған көрінеді. Ол блогердің жазбасына пікір қалдырып, өз ойын қысқа жеткізді.

«Шектен шығып кеттің. Онда шетелдік әртістердің концертіне барыңдар», – деп жазды әнші.

Осылайша, Қайрат Нұртас өз концертіндегі жағдайды сынаған блогердің жазбасына ашық жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент полициясы әншінің концертіне қатысты жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінген әйелдің анықталғанын хабарлаған. Аталған іс бойынша материалдар сотқа жолданған.

әнші Қайрат Нұртас
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Next Article «Перизат Қайрат пен анасынан бөлек тұрған»: ҚМА Дубайдағы қымбат үйлерге қатысты мәлімдеме жасады

Оқи отырыңыз...

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

30.10.202614

«Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

30.10.2026148
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.