Саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахым «Dope soz» подкастына қонақ болып, ішкі туризм туралы сөз етті,
Ол Қазақстандағы ішкі туризмнің бар олқылықтарын тізіп берді.
«Қазақстанда қымбат. Шымбұлақта 2-3 күнге баратын сомаға, Египетке бір аптаға баруға болады. Алакөлде де солай, 3 күн жататын сомаға, Түркияның Антальясында 5 күн жатуға болады.
Массамен қымбат қылып қойған, келетін көп адам жоқ. Бірақ келген аз адамға қымбат болғаны үшін, солай табыс тауып отырады.
Біріншіден, Қазақстан өте үлкен. Екіншіден, жолдар жоқ, үшіншіден бәрі қымбат. Жолда тіпті әжетханалар да жоқ», — деп ашып айтты блогер.


