KN концертін ұйымдастыруға жауапты адам қамауға алынды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Полиция 1984 жылы туған ұйымдастырушыны ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция мәліметінше, сатылған билеттер саны концерт алаңының сыйымдылығынан асып кеткен. Салдарынан адамдар көп жиналып, 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Желіде адам қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Полиция оның шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Қазір тергеу жүріп жатыр.
