Әнші Қайрат Нұртастың жанында гитарада ойнап танылған музыкант Ақсұңқар Жүнісбаев әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін жұрттың сынына қалды. Ол концертте өзін еркін сезінгенін айтып, халықтың қиналғанын көргенін жазған. Кейін музыкант көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Ақсұңқар Жүнісбаев Threads желісінде сахнадағы көңіл күйі туралы жазба жариялаған. Ол концерт кезінде еш қысым сезінбегенін, гитарада еркін ойнағанын айтқан.

«Ең рақат жұмыс менікі ме деп қалдым. Қысылмай, сахнада емін-еркін гитараммен… Адамдарға жаным ашып кетті. Бір жағы карма рөл ойнап кетті. “Бойкот” деген халыққа өкпелеп қалып ем былтыр. Бірақ оны өзім ұмытып кеткенмін. Құдай бүгін маған халықтың қиналғанын көрсетті», – деп жазды музыкант.

Ол жазбасының соңында халықты қатты жақсы көретінін айтып, ешкімге өкпелетпеуін Алладан сұраған. Алайда оның бұл сөзі желі қолданушыларының наразылығын туғызды.
Желі қолданушыларының бірі музыканттың жазбасын сынап, халықтың қиналғанын көріп, мұндай пікір білдіру орынсыз екенін айтқан. Сондай-ақ оны халыққа құрметсіздік танытты деп айыптаған.

Көпшіліктің сынынан кейін Ақсұңқар Жүнісбаев кешірім сұрады.

«Кешіріңіздерші. Менікі айып болды. Шынымен сіздерді қатты жақсы көремін. Негізі өмірде араласып көрсеңіздер, қарапайым адаммын ғой. Сәл сөз құрай алмайтыным бар, мойындаймын! Ойымды дұрыс жеткізе алмай, осылай таяқ жеп жүремін», – деп жазды ол.

Музыкант өзінің ойын дұрыс жеткізе алмағанын мойындап, көпшіліктен кешірім өтінді.

10 қазанда Шымкенттегі Қайрат Нұртастың концерті кезінде көрермендер арасында кептеліс болғаны хабарланды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, концертте жарақат алған 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген. Қазір жағдайы ауыр деп бағаланған.

Еске салайық, Ақсұңқар Жүнісбаев екі рет үйленген. Бірінші әйелі де әнші. Екі баласымен әнші әйелін тастап кеткен. Кредитке әйеліп алып берген машинаны сатып, кредитін әйелінің мойынына іліп кеткен. Балаларына бір рет те алимент төлемеген. Екінші рет үйленген Ақсұңқар бүгінде Шымкентте тұрып жатыр.

Share.
Exit mobile version