Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Зәр шығара алмайды: Әскерде соққыға жығылған ақтаулық сарбаздың анасы ұлының жағдайы туралы айтты
Оқиғалар

Зәр шығара алмайды: Әскерде соққыға жығылған ақтаулық сарбаздың анасы ұлының жағдайы туралы айтты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.09.2026264
Фото: видеодан скрин

Ақтөбеде әскери борышын өтеп жүріп, соққыға жығылған ақтаулық сарбаздың жағдайы белгілі болды,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

18 жастағы Еркебұлан Досымбеттің ата-анасы қазір оның жанында, ауруханада.

— Көзі шүңірейіп, сақал-мұрты өсіп кеткен, қатты жүдепті. Киімі өте лас, қоқыстан тауып алғандай көрінеді. Ауыстыратын киім де әкелмеген. Физикалық та, эмоционалдық та жағдайы өте ауыр. Жалпы, қараусыз қалған адам сияқты көрінді, — дейді сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаева.

Оның айтуынша, кейін сарбазға әскери бөлімнен ауыстыратын киім әкелінген. Гүлдана Кетібаева ұлының денсаулығына алаңдап отыр. Себебі, сарбаз өздігінен зәр шығара алмай, катетер қойылған.

— Ұлымның шап тұсына соққы жасалған. Содан кейін жағдайы нашарлап, дәретханаға қалыпты бара алмай қалған. Екі тәулік бойы зәр шығара алмай, оны Ақтөбе облыстық ауруханасына жеткізген, — дейді анасы.

Осы оқиғаға қатысты әскери прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 1-бөлігі бойынша — билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Айта кетейік, аталған бап бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта сарбаздың анасы ұлының жанында.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАқсақалдардың асфальттағы ажалы: Алматы облысында Chevrolet екі қарт адамды қағып, мерт қылды
Next Article Қарыз, мүлік, отбасылық жанжалдар – қазақстандықтар қандай дауларды ұзақ сот процесінсіз шеше алады?

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.