Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Төбесі көгеріп, сасып кеткен: Қаскелеңде мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
Қоғам

Төбесі көгеріп, сасып кеткен: Қаскелеңде мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы22.09.202610
Фото: скриншот

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы орта мектептің әбден тозғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіге видео салған ата-ана балалардың қандай жағдайда білім алып жүргенін бүкіл ел көрсе екен дейді. Өйткені, жазба авторының сөзіне сенсек, бұл мәселе қанша айтылса да білім басқармасы тарапынан шешімін таппаған, деп жазады Muztaumedia.kz.

«Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Пушкин атындағы мектеп. Барынша көп таратуларыңызды сұраймын. Пікір жазғанда БАҚ өкілдерін, әкімдікті және білім беру органдарын белгілеңіздер. Бұл мәселені шешуге міндетті адамдар көрсін», — деп жазған жазба авторы.

Видеодан анық байқалып тұрғандай, мектептің іші де, сырты да әбден тозған. Әсіресе, мектептің төбесі көгеріп, қабырғалары жарылып, едені сынып жатқаны көрініп тұр. Дәретхананың іші де өте нашар күйде. Тіпті, видеоға пікір жазған ата-ананың бірі дәретханадан жағымсыз иіс шығатынын ашық айтқан.

«Бірінші қабаттағы ұл балаларға арналған дәретхана қатты сасиды. Ал оның жанында асхана бар. Балаларға әбден обал болды», — дейді ол.

Тағы бір ата-ананың айтуынша, мектеп әкімшілігі бірінші сыныптағы оқушылардың ата-анасын ғимарат ішіне жолатпай қойған.

«Неге кіргізбей жүргені енді белгілі болды. Мынау сұмдық қой! Баланың қауіпсіздігі қайда қалды? Мектеп әкімшілігі қайда қарап отыр?», — деп жазған ата-ана.

Бір қызығы, осы пікірлердің арасында Қарасай аудандық білім бөлімінің де комментарийі бар екен.

Білім бөлімінің мәліметінше, Пушкин атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылғы қыркүйекте әзірленген. Құжаттар бюджет өтінімімен бірге Алматы облысының құрылыс басқармасына тапсырылған.

Білім бөлімі мектепті Алматы облысының құрылыс басқармасы жөндеу керек дейді. Егер Қаражат бөлінген жағдайда басқарма конкурс жариялап, жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымды анықтамақ.

Оған дейін балалар осы ескі мектепте оқуға мәжбүр көрінеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Мынау масқара ғой»: Ерке Есмахан парақшасына ашулы жазба жариялады
Next Article Қазақстанда жүргізушісіз такси 2027 жылы іске қосылуы мүмкін

Оқи отырыңыз...

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20261

Жыныстық қатынасқа түстім: Перуашевқа жасалған кибершабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды

30.09.2026273

Біліксіз дәрігер: Астанада егізге жүкті болған әйел екі сәбиінен де айырылды

30.09.202645
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20261

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026802

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.