Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Түсініксіз соғыс: Тоқаев Украинаға соғыс ашқан Путинге батыл үндеу жасады
Басты ақпарат

Түсініксіз соғыс: Тоқаев Украинаға соғыс ашқан Путинге батыл үндеу жасады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы26.07.2026913
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде Ресей мен Украина арасындағы соғыс қимылдарын уақытша тоқтатып, «Ыстамбұл 2.0» форматындағы келіссөздерді қайта жандандыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Muztaumedia.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі қақтығыстың табиғаты өзге өңірлік жанжалдардан өзгеше екенін және оны түсіну оңай емес екенін айтты. Оның сөзінше, Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыстың тарихи себептері айқын болғанымен, Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың мәні мүлде басқа және түсініксіз.

«Бұл жерде қандай да бір азаматтық соғыс туралы сөз болып отырған жоқ. Біз әрдайым Украина халқына, оның мәдениеті мен тіліне құрметпен қарадық және бұл қақтығыстың табиғаты көпшілікке, соның ішінде бізге де толық түсінікті емес деп санаймыз. Мәселен, Әзербайжан мен Армения арасындағы, оның ішінде ұзақ уақытқа созылған қақтығыстың мәні мен шығу тегі біз үшін анық еді. Оның тарихи себептері белгілі болатын. Ал бұл жағдайды түсіну өте қиын», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда қақтығысты уақытша тоқтатып, «Ыстамбұл формуласы 2.0» деп аталатын келіссөздер форматына қайта оралу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бұған дейінгі келіссөздер барысында тараптар елеулі ілгерілеуге қол жеткізген.

Қазақстан Президенті сондай-ақ АҚШ-тағы Аляскада өткен келіссөздер кезінде Владимир Путиннің «барынша дипломатиялық икемділік» танытқанын атап өтті.

«Бұл – маған пікірімді сұрағандықтан айтып отырған қарапайым ғана көзқарасым. Бәлкім, бұл қақтығысты қазір тоқтата тұрып, Ыстанбұл формуласы 2.0 нұсқасына қайта оралған жөн шығар. Себебі онда елеулі нәтижелерге қол жеткізілген болатын. Әрине, Ресейді қоса алғанда, ірі державалардың кепілдігімен әрі қарай көптен күткен бейбітшілікке қарай қадам жасау қажет», – деді Тоқаев.

«Жастардың қаза тауып жатқаны өкінішті. Олар – Ресей мен Украина секілді бауырлас халықтардың генофонды. Мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені қазір болып жатқан жағдай Ресей мен Украина мемлекетінің қарсыластарының мүддесіне қызмет етіп отыр», – деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Еске салайық, 25 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды.

Сапар аясында Қазақстан мен Ресей президенттері екіжақты кездесу өткізіп, ынтымақтастық мәселелерімен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылады.

 

 

 

Путин Россия соғыс Тоқаев Украина
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Екі аяқ, бір таяқ»: Жүрсін Ерман өзінің жағдайын сұраған адамды кекеткен
Next Article Қазақстан мен Ресейдің ортақ жобаларының құны 52 млрд доллардан асты — Тоқаев

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026362

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.