Танымал тележүргізуші Аша Матай Тәжікстан астанасы Душанбеге барған сапарынан әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол қалада жүзеге асырылып жатқан DUSHANBE INTERNATIONAL DISTRICT жобасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Өнер иесі жаңа ауданның ауқымына ерекше назар аударып, жоба толық аяқталғаннан кейін оның Душанбе қаласының сәулеттік келбетіне қалай әсер ететінін көру қызық болатынын жазды.
«Точикистон, ба пеш! Жобаның ауқымы шынымен де әсерлі. DUSHANBE INTERNATIONAL
DISTRICT толық жүзеге асқанда қандай болатынын және Душанбе қаласының сәулеттік келбетіне қандай өзгеріс әкелетінін көру мен үшін қызық. Сәттілік тілеймін!», – деп жазды Аша Матай.
Сонымен қатар тележүргізуші орыс тіліндегі жазбасында Душанбе қаласының заманауи бағытта қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, шаһардың үлкен жоспарлары бар екенін жеткізді.
Аша Матай жарияланымында DUSHANBE INTERNATIONAL DISTRICT жобасының парақшасын белгілеп, сапары барысында түсірген фотосуреттерін де бөліскен.
