Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»40 бас жылқы үшін сотталған жылқышының түрмеден босау себебі белгілі болды
Оқиғалар

40 бас жылқы үшін сотталған жылқышының түрмеден босау себебі белгілі болды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.08.20261 095
Фото: ЖИ

Жылқышы Рахат Сәрсеновке қатысты дау толастар емес. Бірі жылқышыны аяса, енді бірі оның ұрлық жасағаны үшін алған жазасы әділ деп санайды. Жеті жылға сотталған Сәрсеновтің судьялардан жеңіл жаза алуының себебін Muztaumedia.kz анықтап көрді. 

Негізі сот процесіне қатыспай, сот үкімін оқымай болжалдап пікір айту жақсы емес. Заң саласын жазатын журналист Айнүр Сембаеваның сөзінше, бұл жердегі гәп тергеушілерде.

— Бұл оқиғаға байланысты аудандық сот пен апелляциялық алқа шешімінде өзгерістің орын алуына кінәлі біреу болса, ол – осы істі тергеген тергеуші мен айыптау актісін бекітіп сотқа жіберген прокурор деп ойлаймын.Неге? Кәсіпкер, қүзырлы орган, жылқышының әрекетін саралап көрейікші…

Біріншіден, кәсіпкердің жоғалған малын жылқышыдан өндіруге әрекет етуі заңды. Мал баққаны үшін ақы төледі ме, малының амандығын талап ету оның құқығы. Мұнда айлықтың көлемі маңызды емес! Жылқышы берілетін айлықтың көлемімен келіскен екен, айлығын тұрақты алып отырған екен, ендеше малды бағуға, күтуге МІНДЕТТІ!, — деді ол. 

Ал енді баққан малы ауырып өліп қалса, таудан, жардан құлап кетсе, төтенше жағдайда қырылып қалса әңгіме басқа. Ол үшін жылқышыны кінәлі деп сотқа беріп, табиғи апаттың шығынын малшыдан талап ету адамдыққа жат болар еді. Бұл оқиғада 40 бас малдың жоғалуын иесі жылқышыдан көріп отыр. Біреу емес, бесеу емес, ҚЫРЫҚ! Мұндай малыңыз жоғалса қай-қайсыңыз да қол қусырып отырмасыңыз хақ!

— Екіншіден, осы істі тергеген тергеуші де, тергеудің заңдылығын бекіткен прокурор да, істі қараған аудандық соттың судьясы да 40 жылқыны ұрлаған Рахат көке Сәрсенов екеніне сенген. Сот үкімінде дәйектелгендей 2019 жылғы санақ актісімен Сәрсеновке 360 бас жылқы тапсырылған. Кейін жүргізілген санақ нәтижесінде 40 бас жылқының жетіспейтіні анықталған.

Бірінші сатыдағы сот осы мән-жайлар мен іс бойынша жиналған дәлелдемелерді негізге алып, азаматтың әрекетін аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену деп саралап, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен, — деді Айнұр Сембаева.

Сөз жоқ, ауыр жаза!

Ал енді апелляциялық алқа неге үкімді өзгерткен? Жәбірленушіге жаны ашығандықтан осындай әрекет жасамағаны анық қой. Анық! Оның үстіне аудандық сот 7 жылға жаза тағайындаған азаматты ақтап, бостандыққа шығару үшін мықты дәлел керек емес пе?!

— Сөйтсек… Апелляциялық алқа Сәрсеновті ешқандай да ақтамаған, әрі сот залынан дімкәс азаматқа жаны ашығандықтан, болмаса, алматылық мықты журналистер шулатып жатыр деген негізбен де босатпаған.

Тек іс апелляциялық тәртіппен қаралған кезде сот алқасы дәлелдемелерді қайта зерттеп, оларға қылмыстық-процестік заң талаптарына сәйкес жаңаша баға берген. Яғни, сот алқасында 40 жылқыны Сәрсеновтің жоғалтқаны, ұрлағаны дәлелін таппаған. Тек бір куәгер ғана сот отырысында сотталған адамнан бір жылқыны 500 мың теңгеге сатып алып, ақшаны қолма-қол бергенін көрсеткен. Куәгер жылқыны сатып алған, бірақ ақша жылқы иесінің қалтасына емес, жылқышы атамыздың қалтасына түскен. Куәгер солай дейді. Ал әр куәгер сотта тек шындықты, шындықтан басқа ештеңені айтпауға АНТ беретінін білесіздер.

Содан келіп апелляциядағы үш судья ақылдасып, бір жылқыны жымқыру фактісі дәлелденді, ал қалған 39 жылқыны жымқыру фактісі дәлелденбеді деген тұжырымға тоқтаған. Осы уәжға орай қазылар сотталған адамның әрекеті алғашқыдағыдай Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен емес, осы кодекстің 189-бабы 1-бөлігіне сай саралануы керек деген тоқтамға келген, -деді журналист. 

Сәйкесінше Сәрсеновке алғашқы 7 жылдық жазаның орнына 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Яғни, жылқышы ата ақталды деген сөз бекер, жалған!

Қайта әбүйір болып бұл кісі жаңа Конституцияның шапағатын көріп отыр. Осы Конституцияға орай қабылданған «Рақымшылық туралы» заңына орай Сәрсеновтің жазасы 3 айға дейін қысқартылып, қамауда болған уақыты заңда белгіленген тәртіппен жаза мерзіміне есептелген. Сөйтіп тағайындалған жаза өтелген деп танылып, атамыз сот залынан босатылған.

Сонымен қатар жәбірленушінің пайдасына өндірілген алғашқы 30 млн теңге материалдық залал шегеріліп, 600 мың теңгеге дейін төмендетілгенін де айта кетуіміз керек.

— Жарайды, өмір бойы малдың соңында жүрген азаматтың бостандыққа шыққаны жақсы. Бек қуаныштымыз! Оған көмек қолын созып, қаржысы мен малын атап жатқан жандарға да Алланың нұры жаусын! Тек мұндай көңілге селкеу салатын жағдайлар орын алмас үшін тергеу мықты болуы керек. Кез келген сотталушының кінәсі куәгерлер сөзімен, бейнежазба, деректермен шегеленуі тиіс. Ал бұл істе «өкінішке орай…». Меніңше, осы шулы істен кейін Ақтөбенің Полиция департаменті де бір әу деп, анықтау, тергеуде кеткен қателіктің себеп-салдарын түсіндіруге міндетті, -деді ол. 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Pin Up дауы»: Тағы бір танымал блогерге іздеу жарияланды
Next Article «Ақ көйлек киген жоқ»: Сәкен Майғазиев өзінің үйлену тойын жасауға жағдайының болмағанын айтты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.