Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Тоқаевқа жалған есеп беруді доғару керек: танымал заңгер Алакөлдегі анархияны сынға алды
Басты ақпарат

Тоқаевқа жалған есеп беруді доғару керек: танымал заңгер Алакөлдегі анархияны сынға алды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы24.07.20268
Коллаж: Muztaumedia

 

Алакөлдегі соңғы оқиғалардан кейін заңгер Ержан Есімханов демалыс аймағындағы сервисті сынға алып, өткір пікір білдірді. Айтуынша, екі жыл бұрын көрген түйткілдердің көбі сол күйі қалған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Заңгер екі жыл бұрын отбасымен Алакөлде төрт күндей аунап-қунап қайтыпты. Суы ұнағанымен, демалыстың әсерін қауіпсіздіктің жоқтығы, қызмет көрсету сапасының төмендігі нілдей бұзған.

«Жағалау мүлде абаттандырылмаған. Күн сайын түн ортасына дейін жақын маңдағы дискотеканың даңғаза үні үйіміздің қабырғасын солқылдатып тұратын. Қоқыс аяқ алып жүргісіз. Ең сорақысы қауіпсіздік атымен жоқ.

 Гидроцикл мінген әңгүдіктер суға түскен бала-шағадан екі-үш метр жерден жүйткіп өтетін. Оларды бақылап жатқан ешкім жоқ. Сол жолы әлгі жетесіздермен қатты сөзге келіп, гидроцикл тұрағын шомылатын аумақтан он метр әрірек көшіртуге мәжбүрледім.

Содан бері Алакөлге аттап баспадық. Көлдің өзі ғажап. Алайда отбасының, әсіресе балалардың амандығы бәрінен маңызды», — дейді ол.

Содан бері не өзгерді?

Содан бергі аралықта бәлендей ештеңе өзгермеген тәрізді. Күні кеше көлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам өлді, тағы бірі ауыр жарақат алды. Оның алды 63 жастағы әйелді катер қағып, салдарынан аяғына ампутация жасауға тура келді.

«Демек, Алакөлдегі қауіпсіздікке қатысты ештеңе өзгермеген», — дейді осы тұста Есімханов.

Айта кетелік, былтыр Алакөлдегі сервистен Тоқаевтың өзі түңілген еді. Президент қызмет сапасының төмендігін сынап, қауіпсіздік мәселесіне арнайы тоқталған. Осыдан кейін көл жағасына тұтас бір үкіметтік десант түскен тұғын. Министрлер, вице-премьерлер мен әкімдер көл басына барып, жергілікті шенділерге ұрсып-ұрсып кеткен.

«Тоқаевтың сынынан кейін өркениетті демалыс орнына қажет жағдайдың бәрі жасалуы тиіс еді. Маусым басталарда шенеуніктер қуана-қуана есеп бергенін естідік. Алакөл турис қабылдауға толық дайын. Анау жасалды, мынау жөнделді. Келіңдер, көріңдер деді. Ел ағылды. Енді не болып жатыр? Екі күнде екі төтенше жағдай.

Иә, кейбіреу гидроциклге мас күйде отырып, апатқа өзі себеп болады. Бірақ олар гидроциклді үйінен сүйреп әкелмейді ғой. Жағалаудағы кәсіпкерден жалға алады. Жалға беру орындарын бақылау қиын емес. Мас адамға гидроцикл бермеу керек. Жағалауға, суға түсіп жүрген жұртқа жақындатпау қажет. Қауіпсіздік талабын бұзған кәсіпкерді жауапқа тарту қажет.

Алакөлге қарасаң, мұндай жүйе атымен жоқ. Ретсіз әрі қауіпті бизнестің өрістей беруіне сол жердегі әлдекімдер мүдделі секілді», — дейді заңгер.

Шенділерге айтар ақыл…

Оның атап өткеніндей, Алакөлге баратын жұрттың басым бөлігі отбасымен, бала-шағасымен тынығуға келген қарапайым азаматтар. Олар бірінше кезекте қауіпсіздік мәселесіне алаңдайды. Бұлай жалғаса берсе, уақыт өте келе талай отбасы Алакөлден теріс айналуы мүмкін.

«Тоқаевтың тапсырмасы орындалды деп санын шапаттаған шенділерге берер кеңесім бар. Алакөлге екі-үш күнге барып демалсын. Арнайы қоршалған, күзетілетін жабық аумақта емес, қарапайым жұртпен бірге орналассын. Отбасын, бала-шағасын да ала барсын. Көл басында қандай хаос болып жатқанын сонда көреді. Президентке жалған есеп беруді доғарады», — дейді Есімханов.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРесей Киевті зымыранмен атқылап жатыр
Next Article VIP-қонақүй, ұшақ және жол талғамайтын көлік: Жетісу облысының әкімдігі блогерлерге миллиондаған қаражат жұмсамақ

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026364

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.