Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коммуникация саласына жауапты бірнеше лауазымды тұлғаны тағайындады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .
Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.
Қанат Құлшыманов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің (ОКҚ) басшысы болды. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімін басқарған.
Ал Асқар Омаров Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметінен босатылды.


