Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Тоқаев Lotte Group компаниясының Қазақстандағы жобаларын қолдады
Саясат

Тоқаев Lotte Group компаниясының Қазақстандағы жобаларын қолдады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.09.20261
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Lotte Group компаниясының басқарма төрағасы Дон Бин Шинді қабылдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Lotte компаниясы екі елдің экономикалық ықпалдастығын нығайтуға елеулі үлес қосқан сенімді серіктес екенін атап өтті.

Президент кореялық компанияның еліміздің тамақ өнеркәсібіндегі қызметін жоғары бағалап, «Рахат» брендін ілгерілетуге, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы өндірістік алаңдарды жаңғыртуға қатысты табысты жобаларына назар аударды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көлік-логистика инфрақұрылымын жандандырып, өңірлік және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігін арттыру жөніндегі Lotte Global Logistics жоспарына тоқталды.

Кездесу барысында қонақ үй бизнесін дамыту мәселесі қарастырылды. Мемлекет басшысы Алматыда Lotte брендімен салынатын алғашқы қонақ үй құрылысына қатысты келісімді құптап, компанияның Қазақстандағы қызмет аясын кеңейту тұрғысынан бұл бастаманың келешегі зор екенін айтты.

Дон Бин Шин компанияның тамақ өнеркәсібі, логистика қызметі және қонақ үй бизнесі салаларына инвестиция құю жоспарын растады. Сонымен қатар ол Alatau City жобасын дамытуға, соның ішінде Iconic Complex кешенінің құрылысына қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында Hotel Lottе Co. Ltd және Sensata Invest компаниялары Алматы мен Алатау қалаларында Lotte отелдерін салу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум алмасты.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Сағынып қалыпты»: Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
Next Article 2027 жылдан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі өзгереді: ипотека мен несиеде не өзгереді?

Оқи отырыңыз...

Қадыровтың адамдары мені өлтіреді: Шешенстан белсендісі Қазақстандағы тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды

16.09.202640

Тоқаев KIND корпорациясының президентімен кездесті

15.09.20261

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері ауысты

11.09.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасылық жанжал: Астанада ерлі-зайыпты пышақтасып көз жұмды

16.09.202610

Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді

16.09.20261

Ақмола облысында «Газель» 4 жасар қызды қағып өлтірді

16.09.20263

«Омырауын салбыратпай шешіне салмады ма?»: Маржан Арапбаева сынның астында қалды (ВИДЕО)

16.09.2026154

Bek Air қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға алынды

16.09.202659

Қадыровтың адамдары мені өлтіреді: Шешенстан белсендісі Қазақстандағы тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды

16.09.202640

Полиция мен прокурордың тіресі: Алматыда Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры ұсталды деген ақпарат тарады

16.09.202623

«Келінін сыйдырмады…»: Сәкен Майғазиевтің ұлы келіншегімен бірге Астанаға көшіп кетті (ВИДЕО)

16.09.2026605

Алты ай қамауда: Санжар Боқаевтың соты қашан өтетіні белгілі болды

16.09.20263

Қазақ-қырғыз арасындағы ескі жара: Кенесарының кегін көршілер неге еске сала береді

16.09.202614

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.